Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Жаңалықтар

Жаңалықтар

  • «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тараз тұрғындары кезектегі қоныстойын тойлайды

    Тараз қаласында «Бәйтерек»  Холдингі, әкімдік пен  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ»АҚ өкілдері қатысуымен кілт тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өтті. Бұл күні Тараз қаласының 42 отбасы жаңа пәтерлерге  ие болды. Тараз қаласының тұрғындары «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бірінші рет пәтер алғалы отыр. Жыл соңына дейін Тараз қаласында барлығы жалпы алаңы 28,5 мың шаршы метр 450 пәтер бөлінеді.
    Әрі қарай оқу
  • Тараз қаласындағы тұрғын үйді бөлу рәсімін жүргізу туралы, объект коды 167

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төлем қабілеттілігін бағалау процедурасының аяқталуына байланысты тұрғын үйді бөлу рәсімінің жүргізілетіндігі туралы хабарлайды. Төлем қабілеттілігін растаған өтініш берушілер 2015 жылғы 7 желтоқсаннан кешіктірмей Банкке құрылыс объектісінен пәтер таңдау бойынша толтырылған Таңдау кестесін немесе пәтер таңдаудан бас тарту жөніндегі өтініштерін берулері қажет (формулярды Банк филиалынан алуға болады).
    Әрі қарай оқу
  • Тараз қаласындағы тұрғын үйді бөлу рәсімін жүргізу туралы, объект коды 166

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылардың төлем қабілеттіліктерін бағалау процедурасының аяқталуына байланысты тұрғын үйді бөлу рәсімі жүргізілетіндігі туралы хабарлайды. Төлем қабілеттілігін растаған өтініш берушілер 2015 жылғы 9 желтоқсаннан кешіктірмей Банкке құрылыс объектісінен пәтер таңдау бойынша толтырылған Таңдау кестесін немесе пәтер таңдаудан бас тарту жөніндегі өтініштерін өткізулері қажет (формулярды Банк филиалынан алуға болады).
    Әрі қарай оқу
  • Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы болып өтті

    2015 жылғы 19 қарашада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы болып, оның барысында республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінген ақша қаражатын пайдалану туралы ақпарат қаралды.
    Директорлар кеңесінің мүшелеріне ұсынылған ақпаратқа сәйкес  2014 – 2015 жылдары «Бәйтерек» холдингіне 49,2 млрд. теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен және 613,6 млрд. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаражат бөлінді. 
    Әрі қарай оқу
  • Атырау қаласындағы тұрғын үйді бөлу рәсімін жүргізу туралы

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төлем қабілеттілігін бағалау процедурасының аяқталуына байланысты тұрғын үйді бөлу рәсімінің жүргізілетіндігі туралы хабарлайды. Төлем қабілеттілігін растаған өтініш берушілер 2015 жылғы 20 қарашаға дейін Банкке құрылыс объектісінен пәтер таңдау бойынша толтырылған Таңдау кестесін немесе пәтер таңдаудан бас тарту жөніндегі өтініштерін берулері қажет (формулярды Банк филиалынан алуға болады).
    Әрі қарай оқу
  • Орал қаласы салымшыларының төлем қабілеттілігін бағалау процедурасын жүргізу туралы, №21 телім

    Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының  «Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы №21 телімдегі 5 қабатты 90 пәтерлі тұрғын үйдің тапсырысқа дайындығы және құрылыс-монтаждық жұмыстарының аяқталуына байланысты, тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қосу мүмкіндігін Банктің қарауы үшін төлем қабілеттілігін бағалау рәсімдерін өткізу мақсатында көбірек балл алған өтінім берушілер (өтінім берушілердің тізімі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде орналасқан) 2015 жылдың 18 қарашасынан бастап 2015  жылдың 18 желтоқсанына дейінгі мерзімде Банкке бекітілген тізбе бойынша құжат тапсырулары қажет.
    Әрі қарай оқу
  • Орал қаласы салымшыларының төлем қабілеттілігін бағалау процедурасын жүргізу туралы, №22 телім

    Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы №22 телімдегі 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешенінің тапсырысқа дайындығы және құрылыс-монтаждық жұмыстарының аяқталуына байланысты, тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қосу мүмкіндігін Банктің қарауы үшін төлем қабілеттілігін бағалау рәсімдерін өткізу мақсатында көбірек балл алған өтінім берушілер (өтінім берушілердің тізімі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде орналасқан) 2015 жылдың 18 қарашасынан бастап 2015  жылдың 18 желтоқсанына дейінгі мерзімде Банкке бекітілген тізбе бойынша құжат тапсырулары қажет.
    Әрі қарай оқу
  • Семей қаласында тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініштер қабылдау туралы

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 16 қарашадан  бастап 27 қарашаға дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады.
    Әрі қарай оқу
  • ҚДБ Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру жобасын қаржыландырады

    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда облсының бес елді мекенін газдандыру бойынша инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру үшін несие желісін ашты. Жобаның жалпы құны 24,7 млрд теңге, қажетті қаражаттың 30%-дан артығы Даму Банкімен ұсынылады, несиелендіру мерзімі – 10 жылға дейін. Жоба Ұлттық қордан қорландыру есебінен индустриализацияның екінші бес жылдығы аясында іске асырылады. 
    Әрі қарай оқу
  • «Baiterek Best Mind» зияткерлік ойындар Чемпионаты

    Үстіміздегі жылғы 14 қарашада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері арасында «Baiterek Best Mind» зияткерлік ойындар Чемпионатының екінші маусымы болып өтті. Осы чемпионатының негізгі бағыты Холдинг қызметкерлерін өздігінен дамуға ынталандыруды, олардың арасында сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және міндеттерді шешуде динамикалық әрі стандарттық емес тәсілді дәріптеу болып табылады.
    12 қатысушы-командалар арасында үшінші орынды «Даму» кәсіпкерлікті даму қоры» АҚ иеленсе, екінші орынды – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алды. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ командасы «Baiterek Best Mind» 2014 чемпионы атағын растап, тартысқа толы сайыста өзіне тиесілі бірінші орынды жеңіп алды.
    Әрі қарай оқу
  • Тараз қаласында тұрғын үйді бөлу рәсімін жүргізу туралы, объект коды 167, №1 Пул

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төлем қабілеттілігін бағалау процедурасының аяқталуына байланысты тұрғын үйді бөлу рәсімінің жүргізілетіндігі туралы хабарлайды. Төлем қабілеттілігін растаған өтініш берушілер 2015 жылғы 2 желтоқсаннан кешіктірмей Банкке құрылыс объектісінен пәтер таңдау бойынша толтырылған Таңдау кестесін немесе пәтер таңдаудан бас тарту жөніндегі өтініштерін берулері қажет (формулярды Банк филиалынан алуға болады).
    Әрі қарай оқу
  • Ақтау қаласындағы тұрғын үйді бөлу рәсімін жүргізу туралы, 32А шағын ауданы, объект коды – 160

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төлем қабілеттілігін бағалау процедурасының аяқталуына байланысты «объект коды-160, 120 пәтерлі тұрғын үйді» бөлу рәсімінің 2015 жылдың 28 қарашасында жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру