"Отбасы банк" АҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қаражат алу үшін бағдарламалардың үлкен таңдауын ұсынады. Сіз икемді пайыздық мөлшерлеме жүйесімен өзіңіз үшін ең қолайлы әдісті таңдай аласыз.
Өнімдік желі «AQYL» білім беру жинақтау салымы» тарифтік бағдарламасының шарттары - 05.12.2025 бастап жұмыс істейтін.
Біздің банктегі жинақтау және кредит беру жүйесінің артықшылықтары:
* ҚДКБҚ кепілдігі - Отбасы банктің барлық депозиттері Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Кепілдік берілген максималды сома: • жинақ салымдарын қоспағанда, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша (ағымдағы шоттар, мерзімді салымдар) - 10 млн теңгеден аспайды; • шетелдік валютадағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама) - 5 млн теңгеден аспайды. Егер банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше депозит ашылған болса, онда әрбір депозит түрі бойынша шекті сомаларды ескере отырып, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдыққа төленетін кепілдік берілген шекті сома – 20 млн теңге.
Депозитордың хабарламасы
"Баспана" тарифтік бағдарламасы
Тұрғын үй қарызы - бұл тұрғын үй жағдайын жақсартуға жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен ең тиімді кредит алуға мүмкіндік беретін кредит беру бағдарламасы ("Бақытты отбасы" бағдарламасы және "Арнау" депозитін қоспағанда, бұл бағдарлама бойынша қарыздың сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2% құрайды).
Тұрғын үй қарызын алу үшін не қажет?
Тұрғын үй қарызының тарифтері бойынша мөлшерлемені, СЖТМ, мерзімді және ай сайынғы төлемдерді есептеу
Аралық қарыз шотында шарттық соманың 50%-ы бар және 5 мөлшерінде бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне қол жеткізген Отбасы банктің салымшыларына беріледі.
Аралық қарыздарды алу келесі талаптар орындалған кезде мүмкін болады:
Аралық қарыздың пайыздық мөлшерлемелері бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты.
*5-1 Аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысымен бекітілген Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларына сәйкес жеке тұлғалардың "Отбасы банк" АҚ-да тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша кемінде 500 000 теңге мөлшерінде өтемақы есептелген қарыздарға қолданылады. *5-2 Аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелері Өнімдік желінің 41-4 тармағына сәйкес қарыздарға қолданылады.
Пайыздық мөлшерлемелер – БК-ге қарай 6%-дан (ЖТСМ от 6,2%-дан 6,3%-ға дейін) 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 8,5%-дан 8,9%-ға дейін)
Ең көп қарыз сомасы - 200 млн теңге – қарыз алушыға және онымен байланысты тұлғаға жиынтық белгіленеді.
«Отбасы банк» АҚ ұсынатын нарықтық кредит беру бағдарламалары - бұл еркін нарықта таңдалған бастапқы және қайталама тұрғын үйге 6%-дан 5-2 (ЖТСМ 6,2%-дан 6,3%-ға дейін) 8.5% (ЖТСМ 8,7%-дан 8,9%-ға дейін)-ға дейінгі төмен пайыздық мөлшерлелермен аралық кредитті неғұрлым тиімді алу мүмкіндігі.
БАСТАПҚЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУҒА АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР
Бастапқы тұрғын үйді сатып алуға арналған нарықтық кредит беру бағдарламасы - бұл жаңа құрылыстардан тұрғын үй сатып алу үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен аралық қарыз алуға болатын Отбасы банк бағдарламасы.
Кредит беру талаптары. Қарыздар 5 бағалау көрсеткішіне жеткен кезде беріледі
ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚТА ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУҒА АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР
Отбасы банк тұрғын үйге кредит берудің нарықтық бағдарламасын ұсынады, ол бойынша қайталама нарықта аралық қарыз алуға болады.
БАНКТІҢ НАҚТЫ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР
Бағдарлама тұрғын үй сатып алуға қарыз ресімдеген Банктің нақты қарыз алушыларына (кепіл түріне (жылжымайтын мүлік, мүліктік құқық, жеке тұлғаның кепілдігі) қарамастан) қолданылады. Негізгі талап - тұрғын үйді жөндеу және жаңғырту бұрын қарыз алушы Отбасы банктегі қарыз есебінен сатып алған тұрғын үйде жүзеге асырылуы тиіс. Осы бағдарлама бойынша 1 реттен артық емес кредит беруге жол беріледі.
Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға, оның ішінде мүліктік құқық кепілімен берілген қарыз бойынша тұрғын үйді жөндеуге арналған қарыз қарыз алушының/қарыз алушының жұбайының (зайыбының) атына меншік құқығы ресімделгеннен кейін ғана берілуі мүмкін. Тұрғын үйге меншік құқығы ресімделгеннен кейін ғана жөндеуге қарыз беру жөніндегі шектеу Банк пен тұрғын үйді жөндеу қызметтерін көрсететін ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде берілген қарыздарға қолданылмайды.
Алдын ала қарыз - бұл Отбасы банктің салымшыларға негізгі борыш бойынша төлемді кейінге қалдырумен тұрғын үй сатып алуға жылдам қарыз алуға мүмкіндік беретін тұрғын үй кредитінің түрі. Осы кезеңде қарыз алушы ай сайын екі бөліктен тұратын төлемді төлейді. Бірінші бөлік кредитті төлеуге, ал екінші бөлігі депозитті толықтыруға бағытталады. Онда бастапқы жарна сомасы 50%-ға дейін жинақталғанда, қарыз алушы тұрғын үй қарызына ауысады. Бұлай дегеніміз - жинақ шотында жинақталған ақша қарызды өтеу шотына түседі, ал кредит мөлшерлемесі бағалау көрсеткішіне байланысты 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) 5%-ға (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9 % дейін) дейін төмендейді ("Бақытты отбасы" бойынша-жылдық 2% (ЖТСМ 2%-дан бастап 2,1%-ға дейін)).
Алдын ала тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы 80 млн. теңге - қарыз алушыға және онымен байланысты тұлғаға жиынтық белгіленеді.
Алдын ала қарыз алу үшін не қажет?
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!