Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Бағалау көрсеткіші

Бағалау көрсеткіші (БК) - бұл қаржылық тәртібіңіздің белгісі. Бағалау көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, тұрғын үй заемының мөлшерлемесі соғұрлым төмен болады.
Бағалау көрсеткіші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
БК =
есептелген сыйақы
Бағалау көрсеткіші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
3 жыл бойы депозитіңізді тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартта көрсетілген сомаға (ай сайынғы жарна көлеміне) толықтырып отырсаңыз, сізге «16-ға тең» ең төменгі БК беріледі. Бұл жағдайда жылдығы 5% (ЖТСМ 5,2%) болатын заем ала аласыз.
Ал сізге тиесілі БК 16-дан жоғары болса, заемның жылдық мөлшерлемесі бұдан да аз болады. Ең төменгі жылдық мөлшерлеме – 3,5% (ЖТСМ 3,6%).

Бағалау көрсеткішін арттырып, заем мөлшерлемесін
төмендетудің жолы қандай?

Депозитке мерзімінен бұрын ақша аударып отырыңыз
Бағалау көрсеткіші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Салымшы шотын уақытылы толықтырмаса, оның бағалау көрсеткіші түсіп кетеді,
ал мерзімінен бұрын ақша салып отырса, БК артады
Ақшаны енді жинап бастағанда, үлкен сомадан салып отырыңыз
Бағалау көрсеткіші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Ақшаны енді жинап бастаған салымшы шотына тұрғын үй құрылыс жинағы туралы
келісім шартта көрсетілген сомадан артық ақша салып отырса, БК көрсеткіші артады.
3 жылдан артық жинаңыз
Бағалау көрсеткіші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
3 жыл өткен соң да депозитіңізді толықтырып, ақша жинауды жалғастыра
берсеңіз, БК арта түседі.
Жиналған ақша неғұрлым көп болса, банк сыйақысы мен бағалау
көрсеткішінің мәні де соғұрлым жоғары болады!
Бағалау көрсеткіші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің барлық ережелерін сақтасаңыз,
ең тиімді шарттармен тұрғын үй заемын ала аласыз!

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру