Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Интернет-банкинг

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ БАНКИНГ – ЖССБ24 БИЗНЕС

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
  • Жүйеде тіркелу және қызмет түрін алудың ыңғайлылығы;
  • Интернет желісімен әлемнің кез-келген жерінде аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімділік;
  • Банк бөлімшесіне бармастан шот пен ондағы қалған қаражатты басқару;
  • Шот бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын шұғыл түрде өңдеу;
ИНТЕРНЕТ БАНКИНГ – ЖССБ24 БИЗНЕСТІҢ ҰСЫНАТЫН МҮМКІНДІКТЕРІ:
  • Төлемдер мен ақша аударымдарын теңге және шетелдік валюта түрінде жіберу;
  • Шетелдік валютаны конвертациялау үшін онлайн өтінімдерді құру;
  • МТ файлдарын және 1С-тен файлдарды импорттау/экспорттау;
  • Жалақы, зейнетақы, әлеуметтік ақша аударымдарын, сондай-ақ, міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі төлемдерді/жарналарды жасау;
  • Шоттар бойынша үзінді көшірмелерді, несие бойынша өтеу кестелерін, несиелік желілердегі қолжетімді несиелік қаражаттарды қарау;
  • Төлемдер мен оларды төлеу үлгілерін құру;
  • Контрагенттер, клиенттер, қызметкерлер, Swift-аударымдарды алушы елдер, экономика секторларының кодтары және т.б. жөніндегі анықтамаларды пайдалану;
  • Шынайы уақыт режимінде банкте төлем құжаттарын өңдеудің барлық кезеңдерін қадағалау.
Жиі қойылатын сұрақтаға жауап:
Қалай қосылуға болады?
Банктің қазіргі клиенттеріне – шот бойынша қызмет көрсететін менеджерге хабарласу керек. Жаңа клиенттерге – шотты ашу үшін Банкке хабарласу қажет.
ЖССБ24 Бизнес жұмысы барысында қандай қауіпсіздік жүйесі қолданылады?
ЖССБ24 Бизнес-те қауіпсіз жұмыс жасау үшін, клиенттің таңдауына электрондық-сандық қолтаңбамен etoken немесе бір реттік сирек құпиясөз арқылы OTP token құрылғысы ұсынылады.
Егер клиент ЖССБ24 Бизнес жүйесіне кіретін өз логинін ұмытып қалса ше?
Бұл жағдайда ЖССБ24 Бизнес-тегі клиенттің тіркеулік жазбасын түзету қажет. Клиент шот бойынша қызмет көрсететін менеджерге хабарласуы қажет.
Егер клиент ЖССБ24 Бизнес жүйесіне кіретін құпиясөзін ұмытып қалса ше?
Онда клиент өз өтінішін алып, қызмет көрсететін менеджерге хабарласуы керек.
Клиент құпиясөзді ұмытып қалса не істеуі керек?
Клиент шот бойынша қызмет көрсететін менеджерге хабарласып, ЖССБ24 Бизнес жүйесіндегі құпиясөзді қайта қалпына келтіру үшін өтініш береді.
ЖССБ24 Бизнес-те тұтынушылар туралы мәліметтерді ауыстырар кезде клиент не істейді?
Клиент өз өтінішімен қызмет көрсетуші менеджерге хабарласып, растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Өкілетті тұлғаны ауыстырар кезде клиент не істейді?
Клиент қолданыстағы кілтті жоюға және жаңасын жасауға қажетті толық құжаттарды ұсынады. Шоттарды ашу/жабу кезінде клиент жаңа шоттарға рұқсатты көрсете отырып, өтініш беруі қажет.
При смене уполномоченных лиц, что выполняет клиент?
Клиент предоставляет полный пакет документов на аннулирование действующих ключей и генерацию новых. При открытии/закрытии счетов клиенту необходимо предоставить заявление с указанием доступа к новым счетам.
Клиенттің еркімен құпиясөзді ауыстыруға бола ма?
Клиент etoken құпиясөзімен қатар, жүйеге кіру үшін қажетті құпиясөзді де өзгерте алады.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру