Зейнетақы жинақтарын пайдалану | "Отбасы банк" АҚ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сұрақтарға берілетін жауаптар "Отбасы банк" АҚ

Біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) дегеніміз не?
Біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) дегеніміз не?
Жаңартылған уақыты: 12.07.2024 19:00:23
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын алушының зейнетақы жинақтарының сомасы
77% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Зейнетақы жинақтарын кімдер пайдалана алады?
Зейнетақы жинақтарын кімдер пайдалана алады?
Жаңартылған уақыты: 12.07.2024 19:00:26

1) Зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін көзделетін болады. Жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке анықталады.

2) қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% - ынан аспайтын шекте қолдана алады. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш құқықты пайдалануға болады.

3) өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар жоғарыда аталған құқыққа ие.
72% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Зейнетақы төлемдері есебінен сатып алынған тұрғын үйді сатуға, иеліктен шығаруға бола ма?
Зейнетақы төлемдері есебінен сатып алынған тұрғын үйді сатуға, иеліктен шығаруға бола ма?
Жаңартылған уақыты: 12.07.2024 19:02:13
Егер тұрғын үй ипотеканы ресімдемей, зейнетақыны пайдалана отырып сатып алынған болса, онда иеліктен шығаруға шектеу жоқ, Жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға болады.

Зейнетақы жинақтары бастапқы жарна ретінде пайдаланылып, заемның қалған өтеу мерзімі 5 жылдан асатын және өтелмеген берешегі бар, ипотекалық қарыз арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті 5 жыл бойы иеліктен шығаруға болмайды.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Зейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға пайдалануға болады?
Зейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға пайдалануға болады?
Жаңартылған уақыты: 16.07.2024 15:38:24
Зейнетақы жинақтарын төменде көрсетілген мақсаттарға пайдалануға болады:
 
Зейнетақы жинақтарын төменде көрсетілген мақсаттарға пайдалануға болады:
- Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысу (ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей)
- Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып);
- Тұрғынжайды (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды) сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
- Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру;
- Алдын ала тұрғын үй қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, тұрғын үй қарызын алу;
- Алдын ала тұрғын үй қарызы, аралық тұрғын үй қарызы, тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып) берілген тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу, жеке тұрғын үй салу (ЖТҚ немесе ЖҚШ сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда), ал сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қайта қаржыландыру;
- Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
- Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, жекешелендіру шарттары, төлемді бөліп-бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шарттары шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша ақы төлеу (борышты ішінара / толық өтеу, бастапқы жарна енгізу);
- тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу  мақсатында депозитті толықтыру (оның ішінде одан әрі жинақтау үшін);
50% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінішті қалай тапсыруға болады?
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінішті қалай тапсыруға болады?
Жаңартылған уақыты: 17.07.2024 10:06:56
Өтініш беру процесі enpf-otbasy.kz порталында онлайн тәртібінде жүреді.

1. Алушы enpf-otbasy.kz порталында ЭЦҚ көмегімен Жеке кабинетке кіріп, өтінішті тапсыру мүмкіндігін алуы тиіс.
2. Алушы Жеке кабинетке кіргеннен кейін Банктің жеке тұлғалардың біржолғы зейнетақы төлемдері туралы ақпаратын алуына келісімге қол қояды.
3. Алушы өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімге қол қояды.
4. Алушы зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуымен танысқаны туралы міндеттемеге қол қояды.
5. Өтінімді толтыру: зейнетақы жинақтарын пайдалану тәсілі мен мақсатын таңдау, алып қою сомасының мөлшерін, салықты ұстап қалу тәсілін енгізу және өтінімді қалыптастыру.
6. Қалыптастырылған өтінім "Менің өтінімдерім" бетіне өтеді, онда оның мәртебесі көрсетіледі.
7. Арнайы шот болмаған жағдайда зейнетақы төлемдерін аудару үшін онлайн тәртібінде арнайы шот ашу.
8. Біржолғы зейнетақы төлемдеріне және табыс салығын ұстап қалуға арналған өтінішке қол қою.
9. Банк өтінімді тексеріп және оны БЖЗҚ-ға 2 жұмыс күні ішінде жібереді.
10. БЖЗҚ қолжетімді соманы тексергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде сұратылған соманы алушының Банктегі арнайы шотына аударады.
11. Арнайы шоттағы ақша қалдығы туралы ақпаратпен Отбасы банк Интернет-банкте/қосымшасында танысуға болады.
12. БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін алушының растаушы құжаттарды платформаға жүктеуі - 45 жұмыс күні ішінде.
13. Банктің растаушы құжаттарды тексеруі және ақша аударымы - 10 жұмыс күні ішінде.
14. Өтінім сәтті аяқталды.
96% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Өтінімді қалай алып тастауға немесе жоюға болады?
Өтінімді қалай алып тастауға немесе жоюға болады?
Жаңартылған уақыты: 05.07.2024 10:42:20

Өтінім «БЖЗҚ Сіздің өтінішіңізді қарауға қабылдады» мәртебесіне өткенге дейін қолданыстағы өтінімнің күшін жою мүмкін болады. Өтінімді жою үшін enpf-otbasy.kz платформасының Жеке кабинетіндегі Менің өтініштерім бөліміне өтіп, тиісті өтінімді ашып, төменгі оң жақ бұрыштағы "Өтінімді жою" батырмасын басу керек.

Өтінім БЖЗҚ-ға жіберілгеннен кейін, Сіздің арнайы шотыңызға ақша төмендегідей  өтінім мәртебелерінде аударылғаннан кейін ғана өтінімді жоюға болады:
- Пайдаланушыдан растайтын құжаттарды күту;
- Өтінім УО-ның қайта қарастыруына жіберілді;
- Отбасы Банк Сіздің өтініміңізді қабылдамады. Толығырақ түсініктемеде.

Сіз қолданыстағы өтініміңізді төменгі оң жақ бұрыштағы "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" батырмасын басу арқылы жоя аласыз. Егер, өтінішке туысыңыздың БЗТ-сы бекітілген болса, алдымен оларды алып тастау қажет.

Қолданыстағы өтінім жойылған жағдайда, БЗТ БЖЗҚ-дағы Сіздің шотыңызға 3 жұмыс күні ішінде кері қайтарылады. Сіздің жинақ ақшаңыз БЖЗҚ-ға келіп түскеннен кейін жаңа өтінім ресімдеуге болады. 
% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру