2. Интернет-банкте немесе Otbasy bank қосымшасында үзінді көшірме жасау;
Банкте арнайы шот: - Банк бөлімшелері арқылы; - Банк кеңес берушілері арқылы; - Банктің кеңес беру орталықтары арқылы ашылады.
Арнайы шот ашу үшін төмендегі құжаттарды: 1) клиенттің жеке куәлігін; 2) тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шартты; 3) ағымдағы/біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама ұсыну қажет.
Тұрғын үй төлемдерін мекеме қызметкері төмендегі мақсаттарға пайдаланады: 1) ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды немесе тұрғын үй-жайларды меншікке сатып алу; 2) ақшаны тұрғын үй жалдау ақысын төлеу үшін немесе кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін пайдалану; 3) ақшаны бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу үшін пайдалану; 4) ақшаны тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану; 5) ақшаны тұрғын үй иелерінің кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану; 6) ақшаны ТҚЖ түріндегі жинақтарды толықтыру үшін пайдалану; 7) ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану.
Қажетті құжаттар: - тұрғын үй төлемдерін алушының жеке куәлігі; - Тұрғын үй төлемдері туралы 3 жақты шарт; - тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.
Егер, Сіз ипотеканы біздің Банкте ресімдеген болсаңыз, ағымдағы шоттан тұрғын үй төлемдері қарызды өтеуге автоматты түрде жіберілетін болады. Қалдық ақша (бар болса) ағымдағы шотта қалады, Сіз оларды депозит - ТҚЖ арнайы салымына жібере аласыз.
Сіз тұрғын үйді жалдау ақысын төлеуге Otbasy bank қосымшасы арқылы ақша аудара аласыз. Аударма жөніндегі нұсқаулық осы жерде көрсетілген. Мына жерде бейненұсқаулық.
Сіз ақшаны арнайы салымға Otbasy bank қосымшасы арқылы аудара аласыз. Аударма жөніндегі нұсқаулық осы жерде көрсетілген. Мына жерде бейненұсқаулық.
Банк ұсынған үлгіге сәйкес және Заң қызметі тексергеннен кейін сенімхат бойынша арнайы шот ашуға және оған қызмет көрсетуге (тұрғын үй төлемдерін аудару бойынша операциялар жасауға) жол беріледі. Сенімхатты нотариат куәландыруы керек.
Сенімхат үлгісін мына жерден алуға болады. Сенімхатта жүргізілетін операциялардың тізбесі көрсетілуі керек.
Сенімхат бойынша депозит ашу кезіндегі қажетті құжаттар: 1) клиенттің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) шотты ашу және (немесе) оған билік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат (түпнұсқа); 3) Сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігі; 4) тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт; 5) тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.
Жоқ, арнайы шоттағы және ТҚЖ арнайы салымындағы тұрғын үй төлемдері:
1) тыйым салуға, өндіріп алуға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жатпайды;
2) бюджетке алып қоюға жатпайды;
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!