2. Интернет-банкте немесе Otbasy bank қосымшасында үзінді көшірме жасау;
Банкте арнайы шот ашу келесі жолдармен жүзеге асырылады: - Банк бөлімшелері арқылы; - Банк кеңес берушілері арқылы; - Банктің кеңес беру орталықтары арқылы.
Арнайы шот ашу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет: 1) клиенттің жеке куәлігі; 2) тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шартты; 3) тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.
Тұрғын үй төлемдерін мекеме қызметкері төмендегі мақсаттарға пайдаланады:
1) ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үйді меншігіне сатып алу, сондай-ақ оны өтеу;
2) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы» Заңына сәйкес, тек тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін ғана пайдаланылатын тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі жинақтарды толықтыру;
3) тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу;
4) кейіннен сатып алу арқылы тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу;
5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша жарналарды төлеу.
Қажетті құжаттар: - тұрғын үй төлемдерін алушының жеке куәлігі; - Тұрғын үй төлемдері туралы 3 жақты шарт; - тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.
Жоқ. Арнайы шоттан тұрғын үй төлемдері тек төмендегі жағдайларда ғана аударылады:
1) Банктегі клиенттің арнайы депозитіне аудару жағдайларында;
2) тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін;
3) Банк пен екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық несиені өтеу жағдайларында, сондай-ақ кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарттары / ақылы жекешелендіру шарты шеңберінде туындаған міндеттемелер бойынша;
4) тұрғын үй сатып алу немесе ипотекалық несие рәсімдеу кезінде қолма-қол ақшасыз тәсілмен басқа екінші деңгейлі банкте ашылған банктік шотқа аудару жағдайларында;
Иә. Тұрғын үй төлемдерін ипотекалық қарыздарды өтеу үшін пайдалануға болады.
Егер Сіз біздің Банктен ипотека рәсімдеген болсаңыз, арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдері (арнайы шот несиеге тіркелген жағдайда) қарызды өтеуге автоматты түрде бағытталады.
Егер, Сіздің ипотекаңыз басқа банкте болса, Бұл операцияны 01.10.2025 жылдан бастап Банк бөлімшелерінде және Баспана маркет (otbasybank.kz) порталындағы жеке кабинет арқылы тиісті құжаттар топтамасын ұсына отырып, жасай аласыз.
Бұл операциялар тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қолжетімді болады.
Баспана Маркет (otbasybank.kz) порталындағы жеке кабинетте операциялар жүргізу кезінде деректерді өңдеу мерзімі 3 жұмыс күнін құрайтынын қосымша хабарлаймыз.
Мерзімі өткен берешектің пайда болуына жол бермеу мақсатында, көрсетілген өңдеу мерзімін ескере отырып, операцияларды алдын ала жүзеге асыруды сұраймыз.
ЕДБ-дегі ипотекалық қарызды өтеу үшін қажетті құжаттар:
- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты (қарыз шартында/несие шартында жылжымайтын мүлік иесі туралы мәліметтер болмаған кезде ұсынылады);
- ЕДБ/ Қаржы ұйымының банктік қарыз шарты (түпнұсқа – Банк бөлімшелері арқылы жүгінген жағдайда);
- қарыз бойынша төлемдер кестесі;
- ЕДБ/ Қаржы ұйымының немесе өзге қарыз берушінің (заңды тұлғаның) Қарыз алушының берешегінің болуы мен жай-күйі туралы анықтамасы.
Иә. Арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдері тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бұл операцияны Банктің мобильді қосымшасында және Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында жүргізуге болады. Аударым бойынша операция тұрғын үйді жалға алудың цифрлық немесе қағаз түрінде жасалған шарты негізінде жүзеге асырылады.
Бұл операция тек жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолжетімді.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға алу туралы қағаз келісімшартын беру кезінде деректерді өңдеу мерзімі 10 күн екенін хабарлаймыз. Цифрлық шарт бойынша аударым операциясы тараптар (жалға беруші мен жалға алушы) қол қойғаннан кейін қолжетімді болады.
Қағаз шарт бойынша тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу үшін қажетті құжаттар:
- жалға берушінің деректемелері көрсетілген жалдау шарты;
- жалға берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- жылжымайтын мүліктің ТКН нөмері (Жылжымайтын мүліктің тіркеу коды, оны жылжымайтын мүліктің техникалық паспортынан немесе тіркелген құқықтар туралы анықтамадан табуға болады) – жалға берушіден сұрап алу қажет.
Цифрлық шарт бойынша қажетті деректер:
жалға берушінің ЖСН;
жалға берушінің телефон нөмірі;
жалға алу мерзімі;
жалға алу сомасы;
ай сайынғы төлем күні;
жалға берушінің банктік шоты;
жалға алынатын тұрғын үйдің кадастрлық нөмері.
Иә. Арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдері ТҚЖ арнайы салымына жинақтау мақсатында аударылуы мүмкін.
Сіз ақшаны ЖСС арнайы салымға Банк бөлімшесінде/филиалында немесе Otbasy bank мобильді қосымша арқылы аудара аласыз. Мына жерде бейненұсқаулық.
Арнайы есепшотқа қызмет көрсету комиссиясының мөлшері «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚның Банктік өнімдер және үдерістер, қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитетінің шешімімен бекітілген Жеке тұлғалар үшін банктік қызметтер бойынша тарифтер (комиссиялық алымдар) көлемінің Тізбесінде көрсетілген.
Банк ұсынған үлгіге сәйкес және Заң қызметі тексергеннен кейін сенімхат бойынша арнайы шот ашуға және оған қызмет көрсетуге (тұрғын үй төлемдерін аудару бойынша операциялар жасауға) жол беріледі. Сенімхатты нотариат куәландыруы керек.
Сенімхат үлгісін мына жерден алуға болады. Сенімхатта жүргізілетін операциялардың тізбесі көрсетілуі керек.
Сенімхат бойынша депозит ашу кезіндегі қажетті құжаттар:
1) клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы/сандық нұсқасы;
2) шотты ашу және (немесе) оған билік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат (түпнұсқа);
3) Сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігі;
4) тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт.
Иә. Тиісті тұрғын үй төлемдерін аудару туралы өтініш беру және тұрғын үй төлемдерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсаттары шеңберінде тиісті шартты (тұрғын үйді жалға алу, ипотекалық несие (заем) және т.б.) ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 487 қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларының 26-тармағына сәйкес тұрғын үй төлемдерін алушы жеке арнайы шоттағы бар ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде келесі мақсаттарда пайдаланады:
1) тұрғын үйді, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып меншікке алу, сондай-ақ оны өтеу;
2) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйді меншікке алуға ғана талап етілуі мүмкін тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі жинақтарды толықтыру;
Арнайы салымнан арнайы шотқа аударым тұрғын үй төлемдерін мекеменің талабымен оның шотына қайтару немесе ерлі-зайыптылардың бірінің арнайы шоты/арнайы салымы жабылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Иә, арнайы шотты жабу бұзу туралы өтініш пен хабарлама немесе екінші деңгейдегі банк тарапынан тұрғын үй төлемдерін алушының атына Арнайы шот ашылғаны туралы хат негізінде жүзеге асырылады.
Жоқ, арнайы шоттағы және ТҚЖ арнайы салымындағы тұрғын үй төлемдері:
1) тыйым салуға, өндіріп алуға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жатпайды;
2) бюджетке алып қоюға жатпайды;
1) Тұрғын үй төлемдерін алушы қызмет өткеру кезінде қайтыс болған (қаза тапқан), оны заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, Арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін пайдалану құқығы отбасы мүшелерінің санын және олардың деректерін көрсететін мекеменің хабарлама-хаты, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алушының қайтыс болғанын, отбасы мүшелерінің туыстық/неке қатынастарын растайтын құжаттар негізінде оның отбасы мүшелеріне өтеді.
Арнайы салым болған кезде, онда орналастырылған ақшалай қаражатқа құқықтар Банктің ішкі нормативтік құжаттарында көзделген тәртіппен отбасы мүшелеріне өтеді.
2) Отбасы мүшелері болмаған кезде, қайтыс болған (қаза тапқан) тұрғын үй төлемдерін алушының Арнайы шотында және/немесе Арнайы салымында (бар болса) тұрған тұрғын үй төлемдерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мұрагерге(-лерге) өтеді.
Мұрагерлердің Арнайы салымда орналастырылған тұрғын үй төлемдерін мұраға алуы Банктің ішкі нормативтік құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!