Тыйым салу/ ТТТ/ИӨ жөнінде толық ақпарат алу үшін +77059251301 нөмірі бойынша Банктің WhatsApp арнасын және Отбасы банктің Telegram-арнасын пайдалануыңызды сұраймыз.
Ақпарат "1-Шот бойынша ақпарат" тармағында берілген.
Салынған тыйымды алып тастау үшін Сіз тыйым салған тұлғаға/органға жүгініп, берешегіңізді өтеуіңіз керек.
Шоттарға тыйым "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 51-бабы негізінде салынады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 51-бабына сәйкес, жеке немесе заңды тұлғаның (уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде жүрген банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банктегі ақшасына және басқа да мүлкіне анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот санкциялаған атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларының қаулылары, сондай-ақ сот қаулыларының, шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының негізінде тыйым салынуы мүмкін. Тыйым салудың 3 негізгі себебі бар:
- мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындамау, мысалы, салықтар бойынша берешек;
- мерзімі өткен кредит немесе Банк алдындағы басқа да міндеттемелер;
- сот қаулысы.
Салынған тыйымды алу тыйым салған тұлғадан/органнан алынған тиісті құжат негізінде жүзеге асырылады.
1) Сіздің шотыңызға кім тыйым салғанын білу үшін +77059251301 нөмірі бойынша WhatsApp-ты және Отбасы Банктің Telegram-каналын пайдалануыңызды сұраймыз. Ақпарат "1-Шот бойынша ақпарат" тармағында берілген.
2) Банк бөлімшелерінен білуге болады.
1) Тиісті құжат негізінде салынған тыйымды алып тастаңыз, содан кейін кредитіңізді төлеңіз, немесе
2) Қарызды өтеу немесе қайтару үшін жаңа немесе қазіргі қосалқы қарыз алушының/кепілгердің ағымдағы шотын қосуға рұқсат беріледі. Ол үшін қосалқы қарыз алушымен/кепілгермен бірге кредит берілгеннен кейін қызмет көрсету бөліміне барып, тиісті өтініш ресімдеу қажет.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!