Шоттарға тыйым салу | "Отбасы банк" АҚ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сұрақтарға берілетін жауаптар "Отбасы банк" АҚ

Шоттарға тыйым салу
Маған шоттарға тыйым салынғаны/ ТТТ/ИӨ туралы хабарлама келді. Мен не істеуім керек?
Маған шоттарға тыйым салынғаны/ ТТТ/ИӨ туралы хабарлама келді. Мен не істеуім керек?
Жаңартылған уақыты: 20.08.2026 16:56:23

Тыйым салу/ ТТТ/ИӨ жөнінде толық ақпарат алу үшін сізге Банктің келесі байланыс арналарына жүгінуді ұсынамыз: WhatsApp нөмірі +77059251301, Telegram-дағы Отбасы банк арнасы (@quanysh_bot аккаунты), немесе "Otbasy bank" мобильді қосымшасы арқылы.Чат-ботқа «мәзір» деген сөзді жазып, одан кейін «Шоттарға тыйым салу» батырмасын басып, авторизациядан өтіп, тұтқын салу туралы ақпаратты алуға болады.

Салынған тыйымды алып тастау үшін сіз тыйым салған тұлғаға/органға жүгініп, берешегіңізді өтеуіңіз керек.

20% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Маған шоттарға тыйым салынғаны/ ТТТ/ИӨ туралы хабарлама келді. Мен не істеуім керек?
Маған шоттарға тыйым салынғаны/ ТТТ/ИӨ туралы хабарлама келді. Мен не істеуім керек?
Жаңартылған уақыты: 20.08.2026 16:56:23

Тыйым салу/ ТТТ/ИӨ жөнінде толық ақпарат алу үшін сізге Банктің келесі байланыс арналарына жүгінуді ұсынамыз: WhatsApp нөмірі +77059251301, Telegram-дағы Отбасы банк арнасы (@quanysh_bot аккаунты), немесе "Otbasy bank" мобильді қосымшасы арқылы.Чат-ботқа «мәзір» деген сөзді жазып, одан кейін «Шоттарға тыйым салу» батырмасын басып, авторизациядан өтіп, тұтқын салу туралы ақпаратты алуға болады.

Салынған тыйымды алып тастау үшін сіз тыйым салған тұлғаға/органға жүгініп, берешегіңізді өтеуіңіз керек.

20% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Менің шоттарыма неліктен тыйым салынды?
Менің шоттарыма неліктен тыйым салынды?
Жаңартылған уақыты: 21.07.2026 20:35:12

Шоттарға тыйым "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 51-бабы негізінде салынады.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 51-бабына сәйкес,  жеке немесе заңды тұлғаның (уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде жүрген банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банктегі ақшасына және басқа да мүлкіне анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот санкциялаған атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларының қаулылары, сондай-ақ сот қаулыларының, шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының негізінде тыйым салынуы мүмкін.

Тыйым салудың 3 негізгі себебі бар:

- мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындамау, мысалы, салықтар бойынша берешек;

- мерзімі өткен кредит немесе Банк алдындағы басқа да міндеттемелер;

- сот қаулысы.


100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Шотқа салынған тыйымды қалай алып тастасам болады?
Шотқа салынған тыйымды қалай алып тастасам болады?
Жаңартылған уақыты: 21.07.2026 20:35:21

Салынған тыйымды алу тыйым салған тұлғадан/органнан алынған тиісті құжат негізінде жүзеге асырылады.

62% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Кімнің тыйым салғанын қалай білуге болады?
Кімнің тыйым салғанын қалай білуге болады?
Жаңартылған уақыты: 19.06.2026 13:29:21

1) Сіздің шотыңызға кім тыйым салғанын білу үшін +77059251301 нөмірі бойынша WhatsApp-ты және Отбасы Банктің Telegram-каналын пайдалануыңызды сұраймыз. Ақпарат "1-Шот бойынша ақпарат" тармағында берілген.

2) Банк бөлімшелерінен білуге болады.

34% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Егер, менің шотыма тыйым салынған болса, кредитімді қалай өтей аламын?
Егер, менің шотыма тыйым салынған болса, кредитімді қалай өтей аламын?
Жаңартылған уақыты: 19.06.2026 13:29:24

1) Тиісті құжат негізінде салынған тыйымды алып тастаңыз, содан кейін кредитіңізді төлеңіз, немесе

2) Қарызды өтеу немесе қайтару үшін жаңа немесе қазіргі қосалқы қарыз алушының/кепілгердің ағымдағы шотын қосуға рұқсат беріледі. Ол үшін қосалқы қарыз алушымен/кепілгермен бірге кредит берілгеннен кейін қызмет көрсету бөліміне барып, тиісті өтініш ресімдеу қажет.

50% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Клиентке арналған жадына турғын үй жинақ шоттарына шектеу қою туралы
Клиентке арналған жадына турғын үй жинақ шоттарына шектеу қою туралы
Жаңартылған уақыты: 13.08.2026 20:14:29

Тұрғын үй жинақ шотын (ТЖШ) ашу және қызмет көрсету кезінде мыналарды ескеру қажет:

ТЖШ-ға мыналар қойылуы мүмкін:

  • ақша қаражатына тыйым;
  • инкассалық өкім (ИӨ);
  • төлем талабы (ТТ);
  • шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім (ШОТӨ)

МАҢЫЗДЫ

Тұрғын үй жинақ шоты (ТЖШ салымы) өндіріп алу қолданылмайтын шот емес.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ТЖШ-дағы ақша қаражатын өндіріп алу шаралары мен шектеулер қолданылуы мүмкін.

Назар аударыңыз:

  • «Отбасы банк» АҚ салынған тыйымдарға, ТТ, ИӨ және ШОТӨ бастамашы емес;
  • Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардың талаптарын орындайды;
  • Квазимемлекеттік мәртебесі ТЖШ-ға шектеулер қою мүмкіндігін жоққа шығармайды;
  • Банктің үшінші тұлғалар салған шектеулердің күшін өз бетінше жоюға немесе кері қайтарып алуға құқығы жоқ.

Шектеу себептері туралы ақпарат алу үшін:

  1. Тиісті талап қойған органға немесе адамға өтініш білдіру керек;
  2. Шектеу қою негіздерін және оны алып тастау тәртібін нақтылау керек;
  3. Қажет болған жағдайда шектеуге бастамашы талап ететін құжаттарды ұсыну керек.

Шектеулерді алу келесі жағдайлардан кейін жүргізіледі:

  1. Банкке тыйымның күшін жою туралы құжат келіп түскеннен кейін;
  2. төлем талабы кері қайтарылғаннан кейін;
  3. инкассалық өкімді кері қайтарып алғаннан кейін;
  4. Банк ШОТӨ-ның қолданылуын тоқтату туралы құжатты алғаннан кейін.

Білген маңызды

Тұрғын үй жинақ шотының болуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өндіріп алу шараларын қолданбауға негіз болып табылмайды.

Жадынама ақпараттық сипатқа ие. Толық мәлімет алу үшін Банкке немесе шектеу қойған органға жүгініңіз.

Сауалнамаға әлі ешкім дауыс берген жоқ
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру