Ия, сіз Онлайн-брондау қызметін пайдалана аласыз.
Кезекті ең көп дегенде 20 күн бұрын, баратын күні кем дегенде 30 минут бұрын брондау қажет. Егер, Сіз таңдаған уақыт бос болмаса, басқа күн мен басқа уақытты таңдауыңызды сұраймыз. Егер, алдағы 20 күнге барлығы брондалған болса, келесі күні таңертең кезек брондап көруіңізді сұраймыз.
Кезек брондаған кезде брондау күні мен уақыты ашылуы үшін барлық жолдарды толтыруыңызды сұраймыз. Толтырылмай қалған жерлер болған жағдайда, күн мен уақытты таңдау мүмкін емес.
Онлайн-брондау Банктің hcsbk.kz сайтында қолжетімді немесе Otbasy bank қосымшасы арқылы брондауға болады.
1) Банк бөлімшесіне кезек брондау үшін Банктің сайтына кіріп, "Бөлімшеге онлайн жазылу" тармағын таңдап, "Жазылу" батырмасын басу қажет.
2) Кезек брондаған кезде брондау күні мен уақыты ашылуы үшін барлық жолдарды толтыруыңызды сұраймыз. Толтырылмай қалған жерлер болған жағдайда, күн мен уақытты таңдау мүмкін емес. Барлық жолдарды толтырып болғаннан кейін "Жазылу" батырмасын басу қажет.
3) Сәтті брондаған жағдайда, ПИН-код пен брондау туралы ақпарат көрсетілген терезе пайда болады. Бөлімшеге келу уақытын брондау кезінде Сізге брондау коды бар СМС жіберіледі.
1) Бөлімшеге келу уақытын брондау кезінде, Сізге брондау коды бар СМС жіберіледі;
2) Бөлімшеге бару уақытын Интернет-банк арқылы брондаған жағдайда, осы өтінім бойынша ақпарат Интернет-банктегі "Өтінімдер" бөлімінде қолжетімді;
3) Сіз +77059251301 нөмірі бойынша WhatsApp-қа және Отбасы банкінің Telegram каналына жаза аласыз, оператор Сізге көмектеседі.
Жоқ, Сізге Банкке бару уақытын қайтадан брондау қажет болады.
Брондаған уақыт аяқталғаннан кейін ғана бару уақытын қайтадан брондау мүмкін болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!