Құрылыс компаниялары және салынып жатқан тұрғын үй нысандары туралы мәліметтерді Банктің hcsbk.kz сайтында Нысандар бөлімінен ала аласыз немесе мына жерге өтіп алуға болады.
Сонымен қатар, ақпаратты Банк бөлімшелеріндегі менеджерлерден анықтай аласыз.
Нарықта тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құнының 50%-ын (жартысын) жинап немесе бірден енгізіп, жылдық 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен заем ресімдей аласыз;
Сізде тұрғын үй құнының 36%-ы болған жағдайда BI Group немесе Nova city құрылыс компанияларынан тұрғын үй сатып ала аласыз. Толығырақ осында;
Егер Сізде тұрғын үй құнының 20%-ы болса - Сіз жылдық 5% және 7% мөлшерлемемен алдын ала заем ресімдей отырып, "Нұрлы жер" және "Өз үйім" бағдарламаларына қатыса аласыз;
Егер Сіз "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыссаңыз бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10%-ын құрайды, қарыз бойынша мөлшерлеме - жылдық 2%;
Әскери өнім бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 20% болса заемды жылдық 18% мөлшерлемесімен, жарна 50% болса - жылдық 8,5% мөлшерлемесімен ресімдеуге болады;
Шаңырақ (5-10-20) бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 10%, жылдық мөлшерлемесі 5%;
Алматы жастары бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 10%, жылдық мөлшерлемесі 5%.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!