Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Жетысу жастары

Жетісу жастары

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ

2024 жылға АРНАЛҒАН "ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ" БАҒДАРЛАМАсы

Кредит беру шарттары
Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
Қарыз мерзімі - 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;
Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы;
Қарыздың ең жоғары сомасы - 10 млн. теңге;
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 5 % (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);
* Сатып алынатын тұрғын үйдің құны- шектеусіз. Несиенің ең жоғарғы сомасы мен таңдалған тұрғын үй
құнының арасындағы айырмашылықты бағдарлама қатысушысы өзі өтейді.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар
  • Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде жасы 35 жасқа дейін болуы тиіс;
  • ҚР аумағында өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйінің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісінің болмауы;
  • ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйінің және үлесінің болмауы;
  • Талдықорған қаласында міндетті зейнетақы жарналарымен расталған кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қатысуы;
  • Кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде Банктің талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік, немесе Банктегі ТҚЖ түріндегі қосымша кепілдің болуы;
  • Талдықорған қаласының жергілікті атқарушы органының кезекте тұруы;
  • Отбасының әрбір мүшесінің жиынтық табысы 3,1 КМ-дан аспауы тиіс.
Артықшылықтары:
Төмен пайыздық мөлшерлеме
Бірлескен қарыз алушыны тарту
Жылжымайтын мүлікті бастапқы (жаңа салынған үйлерден) және қайталама нарықтан таңдай аласыз
Салық жеңілдіктері
Мына сілтеме бойынша Талдықорған қаласындағы Банк кеңесшілеріне хабарласып, депозит ашып, кеңес алуға болады. https://hcsbk.kz/network-agents/

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру