Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Темиртау

Теміртау жастары

ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРТАУ ЖАСТАРЫ ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

  • ҚР азаматтығы;
  • Өтініш беру сәтінде жасы - 35 жасқа дейін (қоса алғанда), жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса);
  • Соңғы 5 жылда қатысушыда және отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы;
  • Зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталған өтініш беру сәтінде Теміртау қаласында таңдалған қызмет саласында кемінде бір жыл ресми жұмыс өтілі;
  • Кредит беруге ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • Теміртау қаласында жас мамандарға кредит беруге объектілері Теміртау қаласында орналасқан төмендегі қызмет салалары қатыса алады:
    • Денсаулық сақтау – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Теміртау қаласында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың қызметкерлері;
    • Білім беру - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, тиісті жоғары және орта білімі бар, Теміртау қаласында орналасқан білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (оның ішінде 100 % мемлекет қатысатын АҚ және КЕАҚ қоса алғанда) педагогикалық ұжымы;
    • Мәдениет – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Теміртау қаласында тіркелген мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мамандандырылған қызметкерлері;
    • Спорт – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Теміртау қаласында тіркелген мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
    • БАҚ – атап айтқанда: мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Теміртау қаласында орналасқан БАҚ-та есепке қою туралы куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері;
    • Жоғары оқу орындары – техникалық және әкімшілік персоналдан басқа, Теміртау қаласында тіркелген жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
    • Әлеуметтік сала - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Теміртау қаласында тіркелген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдарда (оның ішінде 100% мемлекет қатысатын ЖШС, АҚ және КЕАҚ) жұмыс істейтін мамандандырылған қызметкерлер;
    • Өндіріс – Теміртау қаласында тіркелген технологиямен, әртүрлі құрылғылармен, машиналармен, жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен тығыз байланысты техникалық мамандықтар (ЖЭО, электриктер, сантехниктер және басқа да қызмет көрсететін ұйымдар);
    • Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері;
    • «Қазпошта» АҚ қызметкерлері;
    • «Оқжетпес-Т» ЖШС қызметкерлері;
    • Теміртау қаласының жолаушылар көлігі кәсіпорындарының қызметкерлері.

Кредит беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы: 15 млн. теңге;
  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының : 10%-ы;
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6 % (ЖТСМ 6,1% бастап 6,8% дейін);
  • Қарыз мерзімі:19 жылға дейін;
  • Қарыздың нысаналы мақсаты: «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу.

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру