«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА!" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР"
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
С дипломом в село

«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА!" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР"

«Отбасы банк» АҚ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) азаматтарға кредит беруі бойынша «Дипломмен - ауылға!" бағдарламасының операторы болып табылады.

Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (бұдан әрі - маман). Көрсетілген тізбені ЖАО алдағы кезеңге қалыптастырады.

Басты шарт - мамандар кредит алған кезде ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. Мамандардың кредит алуға өтініш беруі және ЖАО-ның мақұлдауы Банк порталында жүзеге асырылады. Кредит алуға өтініш беру үшін маман https://otbasybank.kz/ порталына тіркеліп, Жеке кабинетке кіруі тиіс, жеке тұлғаның ЭЦҚ болуы тиіс, мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ ШАРТТАРЫ:

  • ЕҢ ЖОҒАРЫ СОМА:
    АУДАНДАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ - 2500 АЕК-ТЕН КӨП ЕМЕС; АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР - 2000 АЕК-ТЕН КӨП ЕМЕС
  • КРЕДИТ МЕРЗІМІ: 15 ЖЫЛҒА ДЕЙІН
  • СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ:
    ЖЫЛДЫҚ 0,01% (ЖТСМ – ЖЫЛДЫҚ 0,01% )
  • КРЕДИТ БЕРУ/ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН КОМИССИЯЛАР:
    КӨЗДЕЛМЕГЕН

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТІҢ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫ:

  • МАМАННЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ БОЙЫНША АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУҒА/САЛУҒА.
  • ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУҒА, СОНДАЙ-АҚ МАМАН ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙДЫ САТЫП АЛУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.

КРЕДИТ БОЙЫНША КЕПІЛМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:

  • САТЫП АЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ
  • ҚҰРЫЛЫСҚА АРНАЛҒАН КРЕДИТТЕР БОЙЫНША:
    • МАМАННЫҢ/ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ АТЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫМЕН РЕСІМДЕЛГЕН ӨТІМДІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК;
    • САЛЫНҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕННЕН ЖӘНЕ ОНЫ ТІРКЕГЕННЕН КЕЙІН, ЖАО-МЕН КЕЛІСІМІ БОЙЫНША БҰРЫН БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІ ЖЕР УЧАСКЕСІ БАР САЛЫНҒАН ТҰРҒЫН ҮЙГЕ АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ.

МАМАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • ӨТІНІШ БЕРУ СӘТІНДЕ МАМАННЫҢ БҰРЫН АЛЫНҒАН ҚАРЫЗДАР/КРЕДИТТЕР БОЙЫНША ӨТЕЛМЕГЕН МЕРЗІМІ ӨТКЕН БЕРЕШЕГІнің юолмауы, СОҢҒЫ 2 ЖЫЛДА 90 КҮНТІЗБЕЛІК КҮННЕН АСТАМ ҮЗДІКСІЗ МЕРЗІМІ ӨТКЕН БЕРЕШЕГІнің болмауы.
  • СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
  • МАМАН ӨТІНІШ БЕРГЕН КҮНГЕ ДЕЙІНГІ СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛ ІШІНДЕ КЕЛУШІ МАМАН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЕЛДІ МЕКЕНДЕ МАМАННЫҢ, ОНЫҢ ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛКІНІҢ болмауы.
КРЕДИТ АЛҒАНҒА ДЕЙІН МАМАН БАНКТЕ ТҚЖ САЛЫМЫН ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ШОТТЫ АШУЫ ТИІС.

ҚҰРЫЛЫСҚА АРНАЛҒАН КРЕДИТТЕР БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРТТАР:

ЖАО маманға төмендегідей шарттарды ескере отырып, іріктеу үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын немесе мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобаларды ұсынады:

1 ш. м. тұрғын үйдің құны 46 АЕК- тен аспайды;
тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселенген мөлшерінен аспайды;
тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берілген сәттен бастап 12 айдан аспайды.

САЛЫМ МЕН АҒЫМДАҒЫ ШОТТЫ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШУҒА БОЛАДЫ:

  • ӨЗ БЕТІНШЕ OTBASYBANK МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА
  • OTBASYBANK.KZ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ПОРТАЛЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КАБИНЕТТе
  • СІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРДЕ – ОТБАСЫ БАНК КЕҢЕСШІЛЕРІ АРҚЫЛЫ
  • СІЗДІҢ ҚАЛАҢЫЗДЫҢ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНДА
  • БІЗДІҢ САЙТТАҒЫ БЕЙНЕ ҚОҢЫРАУ АРҚЫЛЫ
  • ОТБАСЫ БАНКТІҢ КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛІМШЕСІНДЕ
Сондай-ақ:
сондай-ақ МАМАН https://otbasybank.kz/ ПорталЫНдағы жеке кабинетте 100 АЕК-ке тең сомада көтерме жәрдемақы алуға өтінім бере алады.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру