Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
региональная жилищная программа «Qamqor» города Шымкента

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «QAMQOR» ӨҢІРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ

2023 жылға арналған ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ Qamqor КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Кредит беру шарттары:

  • Бастапқы жарна: қарыз сомасының 10%-ы
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6% (ЖТСМ 6,1% бастап 6,8% дейін)
  • Қарыздың ең жоғары сомасы: 20 млн. теңге
  • Қарыз мерзімі: 19 жылды қоса алған мерзімге дейін
  • Қарыздың нысаналы мақсаты:
    «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу.
Baspana Market порталы арқылы өтінім беру

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар.

Основные требования к участникам

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы.
  • Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кезде Бағдарламаға Қатысушының жасы 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс.
  • Бағдарламаға қатысуға өтініш берген күні Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының меншік құқығындағы Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйінің болмауы.
  • Шымкент қаласында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің болуы.
  • Қызметтің төмендегі салаларында Шымкент қаласында кемінде соңғы 6 ай еңбек қызметін жүзеге асыру:
    • Журналистер мен БАҚ қызметкерлері - өндірістік қызметпен айналысатын және техникалық персонал;
    • Денсаулық сақтау - дәрігерлер, мейірбикелер, фельдшерлер, мейіргерлер, санитарлар және техникалық қызметкерлер;
    • Білім беру - тәрбиешілер, күтушілер, педагогтар, оқытушылар, профессорлар, ғылым докторлары және техникалық персонал, мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және техникалық персонал;
    • Мәдениет - мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасына жататын, театрлар, кітапханалар, мұражайлар, музыкалық мектептер сияқты мәдениет саласының қызметкерлері мен техникалық персоналы;
    • Спорт - спорт саласындағы бюджеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар мен техникалық персонал;
    • Шымкент қаласындағы Мемлекеттік қалалық мекемелерде, аумақтық департаменттерде жұмыс істейтін қызметкерлер;
    • Энергетика және коммуналдық сала мамандары;
    • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиал қызметкерлері мен техникалық персоналы.
    • ҚР ТЖМ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі).
  • Сатып алу құқығынсыз алынған жалға берілетін тұрғын үйді қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қоры және басқа да мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етілген азаматтар осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне шектелетін болады.
  • Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару фактілерінің болмауы.
  • QAMQOR бағдарламасы бойынша несие алушылар үміткерлерінің тізіміне ұпай саны көп қатысушылар енгізіледі. Ұпайларға некеде тұрған жылдар саны, балаларының бар-жоғы, жұмыс өтілі, Шымкентте тұрақты тіркеуде тұру ұзақтығы, Отбасы банкінде депозиттің болуы әсер етеді.
  • Тізім қалыптасқаннан кейін қатысушылар келесі кезеңге, яғни ЖАО тексеруінен өтеді. Әкімдіктен оң жауап алған азаматтар төлем қабілеттілігін растау үшін құжаттар пакетімен (қажетті құжаттар тізімі қатысушының otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі) банк бөлімшесіне жүгінулері қажет.
  • Егер бағдарламаға қатысушы ЖАО тексеруінен кейін теріс жауап алса немесе төлем қабілеттілігін растай алмаса, онда тізімдегі келесі қатысушы жоғары көтеріледі.
  • QAMQOR бағдарламасының қатысушысы өз өтінішінің мәртебесіне қатысты барлық ақпаратты Baspana Market порталындағы (otbasybank.kz) жеке кабинетінен көре алады.
Baspana Market порталы арқылы өтінім беру

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру