«Өңірлік бағдарлама (Астана қ.)» бағдарламасы бойынша қайта
Іріктеудің басталғандығы туралы хабарландыру
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты қайта Іріктеуден өту қажеттілігі (төлем қабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.
Нысан: Астана қ., Есіл ауданы, Е11 к-сі, 1 телім мекенжайында орналасқан (Ш. Бейсекова көшесі, Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай), кірістірілген үй-жайлары және көлік тұрақтарымен «Жағалау-4» КТК, №1 Полигон (1-7 блок-секцияның бірінші кезегі).
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: «таза» әрлеуде 185 000 теңге.
Пәтерлер саны: 284, олардың:
Пәтерлер түрі 1 бөлмелі пәтер: 145 пәтер, ең үлкен ауданы – 49,65 ш.м
Пәтерлер түрі 2 бөлмелі пәтер: 139 пәтер, ең үлкен ауданы – 76,32 ш.м
Қайта Іріктеуден өту мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 07.03.2018 жылдан 07.04.2018 жылға дейін.
Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалау) өту үшін құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Іріктеуден өту үшін құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!