Қосымша байқау туралы хабарлама
Құрметті салымшылар!
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) ШҚО Өңірлік жоба бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 шағын ауданда орналасқан «Көпқабатты тұрғын үй, 61/1 айқындамадағы тұрғын үй» (нысан коды 195). Орналасқан мекенжайы: ШҚО, Өскемен қ.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: нысан құрылысы 2016 жылда аяқталды
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 2 , олардың:
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 65,39 ш.м.,
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 25.07.2018 жылдан бастап 06.08.2018 жылга дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 07.08.2018 жылы
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 10.08.2018 жылдан бастап 17.08.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 10.08.2018 жылдан бастап 23.08.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 24.08.2018 жылы
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар. Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!