Қосымша байқау туралы хабарлама
Құрметті салымшылар!
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) ШҚО Өңірлік жоба бойынша қосымша жарыс туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласында орналасқан «Қаныш Сәтпаев даңғылындағы, 2/2 көппәтерлі тұрғын үй»».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылы құрылыс аяқталды
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 141 000 теңге.
Жайлылық класы: III
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 2, олардың:
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 85,27 ш.м.,
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 10.04.2018 жылдан бастап 16.04.2018 жылга дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 17.04.2018 жылы
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 23.04.2018 жылдан бастап 27.04.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 23.04.2018 жылдан бастап 10.05.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 11.05.2018 жылы
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!