Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ПАВЛОДАР

2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ЕРТІС ЖАСТАРЫ» ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ (ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ)

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • 18 жастан 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар.
  • Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балаларының және т.б., бар болса) Павлодар қаласында кемінде соңғы екі жыл тұрақты үзіліссіз тіркелуінің болуы
  • Бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйінің немесе сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жалға алудың болмауы
  • Павлодар қаласында таңдалған қызмет саласындағы өтініш беру сәтінде кемінде 1 жыл, зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталатын ресми жұмыс өтілі
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады
  • Бағдарламаға келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатысады
    • Денсаулық сақтау - Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Павлодар қаласында орналасқан Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, атап айтқанда: «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес, Павлодар қаласында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін тиісті жоғары және орта білімі бар медицина қызметкерлері.
    • Білім беру - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Павлодар қаласында орналасқан білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (оның ішінде АҚ және КеАҚ) педагог қызметкерлері.
    • Мәдениет - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Павлодар қаласында тіркелген мемлекеттік мәдени ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КеАҚ) бейінді қызметкерлері.
    • Спорт - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Павлодар қаласында тіркелген мемлекеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар.
    • Әлеуметтік сала - Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Павлодар қаласында тіркелген, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КеАҚ) жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер.
    • Журналистер - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Павлодар қаласында тіркелген, тікелей бейіндік қызметпен айналысатын журналистер және БАҚ қызметкерлері.
    • ЖОО мен ҒЗИ - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Павлодар қаласында мемлекет 100% қатысатын ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.

Кредит беру шарттары

  • Қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңге;

  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы;

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін)

  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

  • Қарыз мерзімі - 19 жылды қоса алған мерзімге дейін


ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру