Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Маман» өңірлік бағдарламасы

«Маман» өңірлік бағдарламасы

 Cannot find 'city_list' template with page ''

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

"Маман" Бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

  • 63 жасқа дейін (өтініш берген кезде);
  • Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктері болмаған (өтініш беру кезінде);
  • Жетісу өңірінде тұрғылықты жері бойынша соңғы 3 жылдан кем емес тұрақты тіркеуде болуы;
  • Жетісу өңірінде кемінде соңғы 12 ай ішінде келесі санаттар бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру:
    Бағдарламаға келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатысады:
    • Жетісу өңірінің өндірістік қызметпен айналысатын журналистері мен БАҚ қызметкерлері, растайтын құжаттарымен (еңбек өтілі мен лауазымы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама);
    • Денсаулық сақтау – дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, Жетісу өңіріндегі денсаулық сақтау қызметкерлері;
    • Білім саласы – Жетісу өңіріндегі мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілер, күтушілер, мұғалімдер, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары;
    • Мәдениет – шығармашылық одақтардың мүшелері, Жетісу өңірінің мәдениет саласының қызметкерлері;
    • Спорт – Жетісу облысының мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында спорт саласында жұмыс істейтін спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар.;
    • Жетісу өңіріндегі энергетика мекемелері саласының мамандары;
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалының қызметкерлері.
    • Жетісу өңірінің туризм саласының қызметкерлері.
    • Саяси партиялар филиалдары аппаратының қызметкерлері.
  • Жетісу облысында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Қатысушыларды таңдау

Қатысушыларды іріктеу критерийлері келесі балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:

  • 35 жасқа дейінгі талапкер – 5 балл;
  • Жұмыс өтілі – 1 жыл жұмыс өтілі бекітілген сала бойынша 5 балл, келесі жылы жұмыс өтілі 1 балл;
  • Отбасылық жағдайы – тіркелген некеде 5 балл, некеде тұрған әрбір жыл үшін қосымша 2 балл, 15 баллдан аспайтын, бойдақ – 0 балл.;
  • 18 жасқа дейінгі балалар – бір балаға 1 ұпай, екіншісіне және одан да көп 2 ұпайдан;
  • Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарына кезекте тұрғандар үшін – 10 балл, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттары бойынша кезекте тұрғандар үшін қосымша 5 балл.;
  • 500 000 (бес жүз мың) теңгеден аса жинақталған банк салымшысы – 2 балл;
  • Жетісу өңірі бойынша тіркеу – әр жыл үшін 1 балл, 5 баллдан аспайды.

Кредит беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы :
    20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
    жылдық 5% (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);

  • Қарыз мерзімі:
    19 жылға дейін;

  • Бастапқы жарна:
    қарыз сомасының 10%-ы.

  • Қарыздың нысаналы мақсаты:
    «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру