Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Региональная Программа кредитования молодежи 
Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жастары (г. Аягоз) на 2024 год

ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ (АЯГӨЗ Қ.)

БАҒДАРЛАМА АЯҚТАЛДЫ

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қазақстан Республикасының азаматтығы;

  • Нысандары Аягөз қаласында орналасқан келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатыса алады:
    • Денсаулық сақтау, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер;
    • Білім беру, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер;
    • Мәдениет, атап айтқанда: Мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасынан тиісті анықтамасы бар Мәдениет саласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушылары, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер;
    • Спорт, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер;
    • Журналистер, атап айтқанда: БАҚ-та есепке қою туралы куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері.
    • Әлеуметтік сала, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер;
    • Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың штаттық қызметкерлері.
  • Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта онымен бірге тұратын әлеуетті қатысушыдан немесе отбасы мүшелерінен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз (соңғы 5 жылда) меншікті тұрғын үйдің немесе жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы (ерлі-зайыптылардың әрқайсысының некеге тұрғанға дейін тұрғын үйі болған жағдайларды қоспағанда). Сондай-ақ, жағдайы апатты деп танылған үйлер де жатпайды.
  • Ескеру маңызды: егер бағдарламаға қатысушы ерлі-зайыптылар болса, онда ерлі-зайыптылардың біреуі ғана өтініш бере алады.
  • Мемлекеттік бағдарламаға қатысуға 18 жастан 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) ҚР азаматтары өтінім бере алады.
  • Аягөз қаласында тіркелген болуы тиіс.
  • Соңғы 6 айда еңбек қызметінен зейнетақы аударымдарының болуы.
  • Өтініш берушілерде ұпайлар тең болған жағдайда, беру күні мен уақыты бойынша өтініш пен құжаттарды ертерек берген қатысушылар басымдыққа ие болады.

Кредит беру шарттары

  • Қарыздың ең жоғары сомасы - 9 млн. теңге;

  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5%
    (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);

  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу.

  • Қарыз мерзімі - 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;


ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру