ТҚЖ салымшылары үшін салық жеңілдіктері
Ол үшін өзіңіздің жұмыс берушіңізге күнтізбелік жыл үшін 118 АЕК-тен аспайтын сыйақы бойынша алдын ала салық шегерімін қолдануға өтініш беріңіз.
Себебі, Салық кодексінің 351-бабында күнтізбелік жылдағы сыйақы бойынша 118 АЕК (118 * 3 932 теңге = 463 976 теңге) мөлшерінде шегерімді қолданудың ең жоғары шегі белгіленген.
Салық кодексінің 351-бабына сәйкес бұл жеңілдік ҚР бейрезиденттеріне қатысты қолданылмайды.
Сыйақы бойынша салық шегерімінің сомасы әрі қарай күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияда (нысан 270.00) құжаттамалық расталған болуы тиіс.
Мысалы, бір айдағы жалақы 400 000 теңгені құрайды.
Ипотекалық кредит бойынша сыйақыны есептемегенде бір айға ЖТС есептеу:

– стандартты шегерімдер - көп балалы отбасының шегерімі – басқа шегерімдер) * 10%
МӘМСЖ = 400 000*2% = 8 000 теңге
Қолға 316 800 теңге беріледі (400 000 – 40 000 – 8 000 – 35 200 = 316 800)
Ай сайын сыйақы сомасы 30 000 теңгені құрайды деген шартпен ипотекалық кредит бойынша сыйақыны ескере отырып, ЖТС есептеу.

Қолыңызға 319 800 теңге аласыз (400 000 – 40 000 – 8 000 – 32 200= 319 800)
Айырма = 319 800 – 316 800 = ай сайын 3 000 теңге.
Яғни, бұл жағдайда сіз айына 3 000 теңгеден артық ақша аласыз.
Мысалға сәйкес, бір жыл ішінде сыйақы сомасы 360 000 теңгені (30 000*12 ай) құрайды, бұл 118 АЕК-тен аспайды. Осылайша, бір жылдағы сыйақының барлық сомасы ЖТС есептеу кезінде ескерілетін болады.
Егер бір жыл ішінде сыйақы сомасы 1 200 000 теңгені (яғни ай сайын 100 000 теңгеден) құраса, онда бір жылдағы ЖТС есептеу кезінде сыйақы сомасы тек 118 АЕК (118 * 3 932 теңге = 463 976 теңге, яғни қаңтардан сәуірге дейін 100 000 теңге, мамыр айында тек 63 976 теңге). Сыйақы бойынша бір жылда қалған айырма 736 024 теңге (1 200 000 – 463 976) ЖТС-ты есептеу кезінде ескерілмейді!!!
МЗЖ — Міндетті зейнетақы жарналары,
МӘМС — ЖМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары,
ЖТС — Жеке табыс салығы