Кәмелет жасқа толмағандардың табыстау тәртібі
Кәмелет жасқа толмаған Қазақстан азаматының жинағын қауіпсіздендіру үшін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінде балалар депозиттеріне жасалатын әрекеттерге бірқатар шектеулер қарастырылған.
Сол себепті, егер Отбасы банкінде Сіздің балаңыздың
атына депозит ашылған болса, Сіз төмендегілерді білуіңіз қажет.
Егер баланың жасы 0-ден 14 жасқа дейін болса (30 күнді қосқанда):
Депозитті ата-анаға, әжелерге, аталарға, ағаларға, әпкелерге, ата-ананың бауырларына табыстауға болмайды.
Салымды табыстауға болатын тұлғалар:
- 18 жасқа толған жиен іні, жиен қарындас (туған ағасының және қарындасының балалары);
- 18 жасқа толған немере аға және қарындас (ата-ананың ағалары мен әпкелерінің балалары);
- немере ата және әже (ата мен әженің бірге туған және бірге тумаған ағалары мен қарындастары).
Қажет:
-
салымды табыстауға ата-ананың бірі, баласы және туысының қатысуы
-
ата-ананың екеуінің де жеке куәлігі
-
баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігі
-
қамқорлық және қорғаншылық органдардың келісімі
-
депозитті табыстауға қатысушылардың барлығының туу туралы куәлігі

Депозитті табыстауға қатысатын барлық қатысушылардың аты-жөнінің дұрыс жазылуына көз жеткізу қажет. Аты-жөні өзгерген жағдайда, аты-жөнінің өзгертілгенін растайтын құжат қажет.
Егер баланың жасы 14-тен 16 жасқа дейін болса (30 күнді қосқанда):
Депозитті ата-анаға, әжелерге, аталарға, ағаларға, әпкелерге, ата-ананың бауырларына табыстауға болмайды.
Салымды табыстауға болатын тұлғалар:
- 18 жасқа толған жиен іні, жиен қарындас (туған ағасының және қарындасының балалары);
- 18 жасқа толған немере аға және қарындас (ата-ананың ағалары мен әпкелерінің балалары);
- немере ата және әже (ата мен әженің бірге туған және бірге тумаған ағалары мен қарындастары).
Қажет:
-
салымды табыстауға ата-ананың бірі, бала және туысының қатысуы
-
ата-ананың жеке куәлігі
-
баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігі
-
баланың келісімі
-
депозитті табыстауға қатысушылардың барлығының туу туралы куәлігі

Депозитті табыстауға қатысатын барлық қатысушылардың аты-жөнінің дұрыс жазылуына көз жеткізу қажет. Аты-жөні өзгерген жағдайда, аты-жөнінің өзгертілгенін растайтын құжат қажет.
Екінші ата-ананың келісімі талап етілмейді.
Егер баланың жасы 16-дан 18 жасқа дейін болса (30 күнді қосқанда):
Депозитті ата-анаға, әжелерге, аталарға, ағаларға, әпкелерге, ата-ананың бауырларына табыстауға болмайды.
Салымды табыстауға болатын тұлғалар:
- 18 жасқа толған жиен іні, жиен қарындас (туған ағасының және қарындасының балалары);
- 18 жасқа толған немере аға және қарындас (ата-ананың ағалары мен әпкелерінің балалары);
- немере ата және әже (ата мен әженің бірге туған және бірге тумаған ағалары мен қарындастары).
Қажет:
-
салымды табыстауға ата-ананың бірі, бала және туысының қатысуы
-
ата-ананың және баланың жеке куәлігі
-
баланың туу туралы куәлігі
-
ата-ананың біреуінің келісімі