Әріптестіктің шарттары - "Отбасы банк" АҚ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әріптестіктің шарттары

Отбасы банкінің ынталандыру жүйесі
  • «Алматы жиһаз фабрикасы» ЖШС
    Алматы қ. «Алматы жиһаз фабрикасы» ЖШС-ның сертификаты бойынша жеңілдік алу шарттары:

    Мекенжайлары:
    • Жиһаз салоны, Төле би к-сі, 271 (Тілендиев к-сі қ-сі), байланыс тел: 8 (727) 301-46-22
    • «Мерей» СҮ, Сүйінбай к-сі, 2, «Все для дома» 2-корпусы, байланыс тел: 8 (727) 227-39-52
    • «Армада» СО, Қабдолов к-сі, 3, 2-блок, 7-қатар, Н сызығы, байланыс тел: 8 (727) 227-31-18

    Сайт: amfactory.kz
    Әлеуметтік желілерде: amfactory_kz

    Сертификат Сертификат иесіне «Алматы жиһаз фабрикасы» ЖШС-да ЛДСП-дан жасалатын кез келген корпустық жиһазды (ас үй, жатын бөлме, стенка, кіре беріс жиһазы, шкаф-купелер және тағы басқа жиһаз) сатып алуға және тапсырыс беруге 20% жеңілдік алу құқығын береді.

    1. Сертификатты белсенді ету үшін сертификат ұстаушы көрсетілген мекенжай бойынша таңдалған компанияның сауда орнына сертифтикатпен және жеке куәләігімен хабарласуы тиіс, тауарды таңдап, компания кассасына қолма-қол ақшаны төлеу, қолма-қол ақшасыз төлем арқылы таңдалған тауар үшін төлем жасауы тиіс. Төлем жасаған соң, жиһаз өндіруші компания жағдайында – компания таңдалған тауарды өндіреді және жеткізеді, компания жұмысының ережелеріне сәйкес оны жинақтайды және пәтерге орнатады. Жиһазды дайындау мерзімі 3 аптадан бастап 4 аптаға дейін созылады. Дайын тауарлар немесе аспалы шамдар жағдайында, жеткізу компанияда қалыптасқан ішкі ережелерге сәйкес жүргізіледі.
    2. Кредитті ресімдеген жағдайда, жеңілдік мөлшері компанияның ішкі ережелеріне сәйкес азайтылуы мүмкін, яғни ол компания тарапынан заң бұзушылық болып саналмайды.
    3. Сертификатты белсенді ету кезінде компания сертификатты белсенді ету туралы мөр (мөртаңба) басады, күнін, қолын, ішкі жүкқұжат нөмірін қояды. Сертификат иесі сертификатты өзге компанияларда пайдалану үшін оны сақтап қоюға құқылы.
    4. Компаниялар сертификаттың түпнұсқасын алуға құқылы емес, компания есепке алу үшін міндетті түрде сертификаттың көшірмесін түсіреді.
    5. Өндіруші компаниялар әр алуан нұсқаларды ұсынуға құқылы: дайын жиһаз / тапсырыспен дайындалған, түстердің белгілі бір шектелген сериясынан пәтер иесінің таңдауына арналған әр алуан түстер шешімі. Сертификат ұстаушы компаниялар ұсынған ұсынысты таңдауға құқылы. Модельдердің осы ұсынысы шектеулі болуы мүмкін және нақты өндіруші компаниямен реттеледі.
    6. «Алматы жиһаз Фабрикасы» ЖШС-да кредитті немесе бөліп төлеуді ресімдеген жағдайда, 10% жеңілдік беріледі.
    7. Акцияларға қатысатын немесе промо-баға бойынша сатылатын тауарға жеңілдік қосылмайды. Жеңілдік жинақталмайды.
    8. Сертификат ұстаушы сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде бүкіл пәтерді жиһазбен жабдықтау үшін сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде сертификатты бірнеше рет арнайы бағаға белсенді етуге құқылы (мысалы, ас үйге арналған жиһазға жеңілдік, жатын бөлмесі гарнитурына арналған жеңілдік, кіреберіс жиһазына жеңілдік, балалар бөлмесіне жеңілдік және т.б.).
    9. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – оны толық белсенді еткенге дейін және Сертификат ұстаушының пәтеріне жиһазды толық орнатқанға дейін.
    Сертификат үшінші тұлғаларға берілмейді.


    << Артқа

Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру