Накопительный вклад "AQYL" І Отбасы банк
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ВКЛАД "AQYL"

МЕНІҢ БАЛАМ — МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

"AQYL" ДЕПОЗИТІ – БАЛАҢЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АҚЫЛДЫ ШЕШІМ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖЫЛ САЙЫНҒЫ СЫЙАҚЫ — 5%-дан 7%-ға дейін

Мемлекеттік сыйақы жыл сайын депозитте нақты жиналған қалдық сомаға есептеледі. Толығырақ

ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ!

Жиналған қаражатты Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен колледждерде, сондай-ақ шетелдегі оқу үшін пайдалануға болады.


ҰЛТТЫҚ ҚОР-БАЛАЛАРҒА

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылар 18 жасқа толған кезде жиналған қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады. Толығырақ

ЖЫЛДЫҚ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ — 13,58%

Пайыздық мөлшерлеме жыл сайын Ұлттық Банктің шешіміне сәйкес белгіленеді. Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТЕН БАСТАПҚЫ БІЛІМ БЕРУ КАПИТАЛЫ — 235 920 ТЕҢГЕДЕН БАСТАП

471 840 теңге – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға.
235 920 теңге – қалған салымшылар санаттарына. Толығырақ

ГРАНТПЕН СІЗ ЕШТЕҢЕ ЖОҒАЛТПАЙСЫЗ — ТЕК ҰТАСЫЗ!

Егер балаңыз грантқа түссе — жиналған қаражатты, соның ішінде сыйақы мен пайыздарды, өз қалауыңыз бойынша пайдалана аласыз.

"AQYL" ДЕПОЗИТІН БІРНЕШЕ ҚАДАММЕН ҚАЛАЙ АШУҒА БОЛАДЫ?

OTBASY BANK ҚОСЫМШАСЫНА КІРІҢІЗ.

Тіркеліңіз немесе жеке кабинетіңізге кіріңіз.

АҒЫМДЫ ШОТТЫ 3 АЕК ТОЛТЫРЫҢЫЗ.

Ағымдағы шотыңыз болмаған жағдайда, Банк бөлімшесіне жүгініңіз. Толығырақ

"МЕНІҢ БАНКІМ" БӨЛІМІНЕ ӨТІҢІЗ.

"Жаңа депозит ашу" табын таңдаңыз, соңынан "Бала үшін" бөлімін таңдаңыз.

"БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ ДЕПОЗИТІ AQYL" ДЕПОЗИТІН ТАҢДАҢЫЗ.

БАЛАНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ТАҢДАҢЫЗ.

Нұсқаулық бойынша барлық қажетті мәліметтерді толтырыңыз.

ДЕПОЗИТТІҢ АШЫЛҒАНЫН РАСТАҢЫЗ.

ОТР-код арқылы өтінішке қол қойыңыз.

ДЕПОЗИТТІҢ АШЫЛҒАНЫН РАСТАҢЫЗ.

ОТР-код арқылы өтінішке қол қойыңыз.

НЕГЕ ДЕПОЗИТТІ ДӘЛ ҚАЗІР АШУ МАҢЫЗДЫ?

Уақтылы салым үлкен пайда әкеледі

Балаңыздың алдында білім, даму және болашақ кәсіби жетістіктерге апарар шексіз мүмкіндіктер әлемі ашылады

Отбасы бюджетін ескере отырып, жарна мөлшері мен жиілігін өз бетінше таңдауға мүмкіндік бар

Депозитті онлайн ашу — небәрі бірнеше минутты алатын тез әрі ыңғайлы процесс

Грантқа түскен жағдайда, клиент жиналған салым сомасын және есептелген мемлекеттік сыйақыны толық көлемде алуға құқылы

Мемлекеттік сыйақы әр жыл сайын төленеді

18 ЖАСҚА ДЕЙІН ЖИНАЛАТЫН ҚАРАЖАТ МӨЛШЕРІН БІЛІҢІЗ

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Депозитті кім аша алады?

Қазақстан Республикасының азаматтары: Қазақстанның барлық азаматтары жас мөлшеріне қарамастан "Aqyl" депозитін ашуға құқылы.
Ересектер:
Ересек азаматтар депозитті өз аттарына да, өз балаларының аттарына да аша алады.
Жасөспірімдер:
18 жасқа толмаған балалар депозитті өздерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (қамқоршылары) арқылы аша алады.

Мемлекеттік сыйақы қашан есептеледі?

Мемлекеттік сыйақы жыл сайын 1 қаңтардағы нақты жиналған депозит қалдығына есептеледі, минималды жинау мерзімі – кемінде бір жыл.
Сыйақы мемлекеттік келісім мерзімі бойы төленеді.

"Aqyl" депозиті бойынша есептелген мемлекеттік сыйақы қандай шарт бойынша салымшыға төленеді?

"Aqyl" депозиті бойынша есептелген мемлекеттік сыйақыны Отбасы Банкте салымшыға төлеу үшін келесі талаптар орындалуы тиіс:

1. Жинау мерзімі: Депозит кемінде бір жыл бойы ашық және белсенді болуы қажет.
2. Депозиттің жарамдылық мерзімі: Сыйақы есептелетін кезеңде депозит жабылмауы тиіс. Егер мерзім аяқталмай депозит жабылса, сыйақы төленбейді.
3. Депозиттің мақсатты қолданылуы: Депозит мақсатқа сай пайдалану керек (мысалы, білім алу үшін). Мақсатсыз пайдаланған жағдайда сыйақы бюджетке қайтарылады.
4. Азаматтық мәртебесін сақтау: Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы керек. Азаматтық өзгерсе, сыйақы қайтарылуы мүмкін.

Барлық шарттар сақталған жағдайда мемлекеттік сыйақы салымшыға төленеді.

"Aqyl" депозиті бойынша есептелген мемлекеттік сыйақы қай жағдайларда бюджетке қайтарылады?

1. Клиенттің бастамасы бойынша шартты бұзу немесе депозит шарты бойынша міндеттемелердің мерзімі аяқталуына байланысты, бірақ депозит мақсатты пайдаланылмаған жағдайда.
2. Клиенттің білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап үш жыл өтіп, осы үш жыл ішінде салымшы қайта қабылданбаған немесе басқа білім беру ұйымына түспеген жағдайда.
3. Жинау мерзімі ГОНС туралы Заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекеттік сыйақы төленгені анықталған жағдайда.
4. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда.
5. Салым шарты бойынша мемлекеттің артық төленген сыйақыны анықтауы.

Депозитті қалай толықтыруға болады?

Отбасы банктегі "Aqyl" депозитін толықтырудың жолдары:

1. "Otbasy Bank" мобильді қосымшасы арқылы: Банктің мобильді қосымшасында депозитті оңай толықтыра аласыз.
2. Отбасы банктің кез келген бөлімшесіндегі касса арқылы: Қолма-қол немесе басқа тәсілмен депозитке қаражат сала аласыз.
3. Halyk Bank, Bank Center Credit, Eurasian Bank серіктес банктерінің терминалдары мен банкоматтары арқылы: Қолайлы жерде депозитіңізге қаражат толықтыруға мүмкіндік бар.
4. Kaspi.kz, Halyk Bank, Bank Center Credit, Eurasian Bank, Jusan Bank, Forte Bank, RBK Bank, Bereke Bank, Home Credit Bank сынды серіктес банктердің мобильді қосымшалары арқылы: Қосымшаларды пайдаланып депозитті толықтыру өте ыңғайлы.
5. "Қазпошта" бөлімшелерінде: Ел аумағындағы Қазпошта бөлімшелерінде депозитті толықтыра аласыз.

Егер касса арқылы толықтыруды таңдасаңыз, CenterCredit Bank және Halyk Bank кассаларында комиссия алынатынын ескеріңіз.

Қосымша келісімге қалай қол қоюға болады?

Қосымша келісімге қол қою үшін https://otbasybank.kz/ сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз, кейін "Менің банкім" және "Депозиттер" бөлімдеріне өтіңіз. Онда қосымша келісімге қол қою туралы хабарлама автоматты түрде пайда болады, оны бір рет басу арқылы қол қоюға болады — мұны істеу үшін SMS арқылы келген кодты енгізу жеткілікті.
"Aqyl" депозитіне қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда, "Келешек" бағдарламасы бойынша бастапқы капитал есептелмейді.

Депозитте түскен бастапқы білім беру капиталды сақтау шарттары қандай?

Білім беру мақсатындағы бастапқы капиталды сақтау үшін келесі шарттар орындалуы қажет:

Ата-аналар немесе заңды өкілдер жыл сайын 24 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем емес сома салуы тиіс.
2025 жылы бұл сома — 94 368 теңге.
Басым санатқа жататын салымшылар (әлеуметтік осал топтар) үшін жыл сайынғы жарна мөлшері 12 АЕК.
2025 жылы — 47 184 теңге.
Жарналар бастапқы капитал депозитке түскен күннен бастап, салымшы 18 жасқа толғанға дейін немесе оқу орнына түскенге дейін жыл сайын енгізілуі тиіс.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бұл жарналарды төлеуден толықтай босатылады.

Мен алған бастапқы капиталды қолма-қол шешіп ала аламын ба?

Бағдарлама шарттарына сәйкес бастапқы капиталды қолма-қол ақша түрінде алу қарастырылмаған.

ШАРАПАТТЫ ОҚИҒАЛАР — НӘТИЖЕЛІ ЖЕТІСТІКТЕР

Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру