Жеңілдікті ипотека бойынша 68 пәтер: Отбасы банк пен Ақмола облысының әкімдігі пилоттық жобаны іске қосты | 2025 жылғы 6 тамызда Отбасы банк пен Ақмола облысының әкімдігі жылдық сыйақы мөлшерлемелері 2%-дан (ЖТСМ 2%-дан 2,1%-ға дейін) және 5%-дан (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін) аспайтын жеңілдікті ипотекалық қарыздар беру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Пилот шеңберінде тұрғын үй Көкшетау қаласының Сарыарқа ықшамауданында (18-учаске, 2-позиция) сатылады.
Жеңілдікті ипотека бойынша 68 пәтер: Отбасы банк пен Ақмола облысының әкімдігі пилоттық жобаны іске қосты

Жеңілдікті ипотека бойынша 68 пәтер: Отбасы банк пен Ақмола облысының әкімдігі пилоттық жобаны іске қосты

13 тамыз 2025

2025 жылғы 6 тамызда Отбасы банк пен Ақмола облысының әкімдігі жылдық сыйақы мөлшерлемелері 2%-дан (ЖТСМ 2%-дан 2,1%-ға дейін) және 5%-дан (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін) аспайтын жеңілдікті ипотекалық қарыздар беру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Пилот шеңберінде тұрғын үй Көкшетау қаласының Сарыарқа ықшамауданында (18-учаске, 2-позиция) сатылады. Baspana Market порталында кезекте тұрғандарға 1 шаршы метрге 261 225 теңге деген бағамен 68 екі бөлмелі пәтер қолжетімді болады. Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 13 тамызда басталды.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап заңнамаға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Отбасы банк ұлттық даму институты мәртебесіне ие болды. Бұл тұрғын үй саясатын орталықтан жүргізуге, тұрғын үй алу рәсімдерін оңтайландыруға және азаматтардың барлық санаттары үшін әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік береді.

2025 жылғы маусымнан бастап банк жергілікті атқарушы органдардан кезекте тұрғандардың дерекқорын кезең-кезеңімен қабылдауды бастады. Бүгінгі таңда барлық 647 779 жазба тапсырылды. Әкімдіктермен бірлесіп тексерген соң және түзеткеннен кейін тізімдер orken.otbasybank.kz порталында жарияланады. Әрбір азамат кезектегі өз орнын, есепке алынған күнін және мемлекеттік қолдау шарасын көре алады.

Кезекте тұрғандардың тізімі ай сайын жаңартылып отырады, ал тұрғын үйді бөлу есепке қою күні мен табыс деңгейін ескере отырып жүргізіледі. Тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70%-ы бірінші кезектегі құқығы бар азаматтарға мынадай санаттар бойынша бағытталады: Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс іс-қимылдарының ардагерлері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы аналар мен отбасылар, I және II топтағы мүгедек адамдар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, сондай-ақ жесір әйелдер мен тұл ерлер. Бұл ретте көрсетілген көлемнің 20%-ы жетім балаларға арналған, ал қалған 30%-ы басқа санаттар арасында бөлінеді.

Отбасы банк коммуналдық тұрғын үй қорынан дайын құрылыс объектілерін беру және қазақстандықтарды жайлы, қолжетімді әрі әділ бөлінген тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін әкімдіктерімен ынтымақтастықты жалғастырады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру