Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жүзеге асырып жатқан жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы баспана кезегінде тұрған адамдарды көбірек қамтымақ.
Бұған дейін бағдарламаға қатысу туралы өтінішті SMS хабарлама алған азаматтар ғана жолдай алатын. Аталмыш хабарламалар жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және төлеу қағидаларының талаптарына сәйкес, уәкілетті орган қалыптастырған және банкке өткізген тізім бойынша жіберілді. Тізімге төрт санат бойынша баспана алуға кезекте тұрған 70 мың адам кірді:
Тағы бір талап – жалдау субсидиясын алуға өтініш білдірген отбасының жиынтық табысының мөлшері. Соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 көлемінен аспауы керек (1 КМ = 37 389 теңге).
2022 жылдың 4 шілдесінен бастап otbasybank.kz платформасында бағдарлама талаптарына сәйкес келетін кез келген қазақстандық субсидия алуға өтініш бере алады. Ол үшін ЭЦҚ қажет. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімінде болудың және Отбаса банктен SMS хабарлама күтудің қажеті жоқ.
Отбасы банк жұмыс барысында қолға алған тағы бір өзгеріс – әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға қатысты. Енді олар жалақы, жеке кәсіпкерліктен түсетін табыс пен қызмет көрсету шарты бойынша төленетін қаражатпен қатар кіріс ретінде есепке алынатын болады.
Мәселен, жалғыз өзі асыраушы болып табылатын отағасының әйелі мен үш баласы бар делік. Ол айына 180 000 теңге алады. Табыс талабы бойынша бұл отбасы субсидия алуға құқылы. Алайда бұл отбасы қосымша жәрдемақы алатын болса, онда әрбір отбасы мүшесінің табысы 1 КМ-нен жоғары болады. Яғни бұл жағдайда отбасы мемлекеттік қолдаудан қағылады. Дәл осы себепті бағдарламаға қазірдің өзінде 1000-нан астам қатысушы қабылданбады.
Қазір заңнамалық деңгейде аталмыш өзгертулер енгізілуде. Олар күшіне енгенін банк қосымша хабарлайды. Сол уақыттан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар табыс ретінде қарастырылмайды. Сондықтан бұрын осы себепті субсидия ала алмаған қатысушылар өтініштерін қайта тапсыра алады.
Жалдау ақысын субсидиялауға республикалық бюджеттен барлығы 40 млрд теңге бөлінсе, тағы 10 млрд теңгені жергілікті әкімдіктер бөледі.
***
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!