Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы мен «Наурыз Жұмыскер» бағытына өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер жұмыс күндері қабылданады.
«Наурыз» бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді Baspana Market порталы (otbasybank.kz) арқылы жіберуге болады. Өтінім қабылдау 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Бағдарламаға алғашқы үш сағаттың ішінде барлығы 2218 қазақстандық өтінім берді. Оның ішінде 813 өтінім алғашқы сағатта сәтті тіркелсе, қалған 1128 өтінім қазір қаралу үстінде.
Қазақстандықтар «Наурыз» бағдарламасымен пәтер алу үшін көбінесе Астана, Алматы Шымкент қалаларын таңдауда.
Қатысушылардың басым бөлігі (73%) – 35 жасқа дейінгі жас қазақстандықтар. Жалпы өтінім берушінің портреті мынадай: бұл – кәмелетке толмаған балалары бар отбасылы адам.
«Наурыз» бағдарламасына барлық қазақстандықтар қатыса алады. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтардың өкілдері (тұрғын үй кезегінде тұрғандар), жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемін алушылар, Отбасы банк салымшылары, сондай-ақ моноқалалардың, аудан орталықтарының және ауылдардың тұрғындары бар.
Бағдарламаға қатысу үшін келесі талаптарға сай болу қажет:
-2025 жылдың он айында «Наурыз» бағдарламасы мен «Наурыз Жұмыскер» бағыты 6 920 қазақстандыққа жаңа пәтерге көшуге мүмкіндік берді. Осы бағдарламаларды қаржыландыру үшін биыл біз жалпы сомасы 188,42 млрд теңге болатын әлеуметтік облигациялар шығардық. Қуаныштысы, «Наурыз» бағдарламасы бойынша жылдық 7%* жеңілдетілген мөлшерлемемен 898 адам баспаналы болды. Олардың қатарында 1 және 2 топ мүгедектері, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар бар. Бүгінгі таңда өтінім беріп, қолжетімді шарттарда тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі басқа да қазақстандықтар үшін ашылды. Көпшілігі Жаңа жылды өздерінің жаңа пәтерінде, отбасыларымен бірге қарсы ала алады», – деді Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Өтінім қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін баллдар есептеліп, ары қарай несие беруге қатысатын қатысушылар тізімі қалыптасады. Баллдарды есептеу процесі автоматты режимде жүзеге асырылады.
Баллдарды есептеу критерийлері:
«Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы бойынша өтінімдер 2025 жылдың 3 қарашасынан бастап қабылданады. Бұл бағыт бойынша конкурс жоқ. Қатысушыға жұмыс орны бойынша анықтама алу жеткілікті, онда жұмыс берушінің қызмет түрі, лауазымы және мамандығы көрсетіледі, содан кейін өтінімін жақын орналасқан Отбасы банк бөлімшесіне тапсыруға болады.
Жұмыс орындарының атаулары, кәсіпорындардың экономикалық қызмет түрлері және жұмыс орны анықтамасының үлгісі банктің ресми сайтында жарияланған. Жалпы, бұл бағдарлама 1 143 қызмет түрін және 8 230 жұмыс мамандығын қамтиды.
«Наурыз» бағдарламасы мен «Наурыз Жұмыскер» бағытының шарттары бірдей:
«Наурыз» бағдарламасы және «Наурыз Жұмыскер» бағыты бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде ұсынылатын шарттар:
Алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде КЖК кепілдігі және сақтандыру құралымен үлестік қатысу шарты бойынша;
Екінші нарықтағы тұрғын үй моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде ғана, бірақ жылдық бөлінген қаражат көлемінің 30%-ынан артық емес.
Несие бойынша ең үлкен сома:
Сонымен қатар, бір несие бойынша сатып алынған алғашқы нарықтағы пәтерді жөндеуге қаражат алуға болады. Жөндеуге арналған несие сомасы пәтерді сатып алу үшін алынған несие сомасының 20%-ынан аспауы тиіс.
Бағдарлама қатысушылары алғашқы нарықтағы тұрғын үйді Baspana Market порталы (otbasybank.kz) арқылы таңдап, брондап, сатып ала алады.
Бұл платформаға орналастырмас бұрын, әрбір объекті ағымдағы нарық бағалары негізінде бағаның келісу процесінен өтеді. Егер баға нарыққа сәйкес келсе, сол объектінің құрылысшысымен тұрғын үйді сату бойынша келісімшарт жасалады және 1 шаршы метрге баға бекітіледі. Бұл тұрғын үй бағдарламасы басталған кезде бағалардың жасанды өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта платформада таңдау үшін шамамен 627 нысаннан 10 069 пәтер ұсынылған.
*7%(ЖТСМ 7,1%-дан 9,6% дейін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!