Ағымдағы жылдың 2–ші наурызынан бастап «Отбасы банк» тұрғын үйді кезекте тұрған азаматтарға түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіреді | Отбасы банк («Байтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық даму институты мәртебесінде кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйді белсенді түрде үлестіруде. Осы мақсатта облыс әкімдіктері банкке барлығы 13 393 пәтерді тапсырды, оның 8 846-сы жалдамалы тұрғын үйге, ал 4 547-сі несиелік тұрғын үйге арналған.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ағымдағы жылдың 2–ші наурызынан бастап «Отбасы банк» тұрғын үйді кезекте тұрған азаматтарға түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіреді

Ағымдағы жылдың 2–ші наурызынан бастап «Отбасы банк» тұрғын үйді кезекте тұрған азаматтарға түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіреді

24 ақпан 2026

Отбасы банк («Байтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық даму институты мәртебесінде кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйді белсенді түрде үлестіруде. Осы мақсатта облыс әкімдіктері банкке барлығы 13 393 пәтерді тапсырды, оның 8 846-сы жалдамалы тұрғын үйге, ал 4 547-сі несиелік тұрғын үйге арналған.

Банк тұрғын үйді үлестіруді бастағалы бері 4 216 қазақстандық отбасы қоныс тойын атап өтті.

Банк негізгі процестерді толық цифрландырып, автоматтандырды, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізді және тұрғын үйді үлестіруге арналған orken.otbasybank.kz цифрлық платформасын іске қосты.

Пәтерлерді бөлу кезінде кезекке қойылған күн мен санаттардың басымдылығы ескеріледі. Бұл мәліметтерді Отбасы банк мемлекеттік деректер қорларынан алады.

Бұл азаматтар үшін өте ыңғайлы – әртүрлі анықтамаларды жинап, көшірме жасап, бөлімшелерге апарудың немесе порталға жүктеудің қажеті жоқ.

Алайда банк деректерді жедел тексеріп, тұрғын үйді әділ бөлуі үшін кезекте тұрған азаматтар жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беріп, orken.otbasybank.kz порталында түгендеуден өтуі қажет.

Түгендеу – бұл кезекте тұрған азаматтардың мәліметтерін тексеру және нақтылау рәсімі. Ол қателерді болдырмауға, кезекте тұрған адамның өзекті мәртебесін, отбасы құрамын, санатын, сондай-ақ оның тұрғын үйінің бар-жоғын нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Отбасы банк жүргізетін инвентаризация тұрғын үйді бөлу процесін ашық әрі әділ етеді. Пәтерлер кезекке ертерек тұрған және шынымен мұқтаж азаматтарға беріледі.

Бастапқы кезеңде, Отбасы банк тұрғын үйді бөлу бойынша жаңа функцияны енді іске асыра бастағанда, уақытша шешім қабылданып, тұрғын үй түгендеуден өтпеген кезекте тұрған азаматтарға да үлестірілді. Бұл тұрғын үй бөлу процесін жедел бастау және азаматтардың күту уақытын қысқарту үшін қажет шара болды.

Пәтер бөлінгеннен кейін кезекте тұрған азамат міндетті түрде түгендеуден өтуі тиіс болды, тек содан кейін ғана тұрғын үйді рәсімдеу процесі басталатын. Кей жағдайда инвентаризация барысында азаматтың бұрыннан тұрғын үй сатып алғаны анықталып, оның енді тұрғын үйге мұқтаж емес екені белгілі болатын. Ал кейбір отбасыларда отбасы құрамының өзгеріп, балалары көбейгені анықталатын, бірақ оларға ауданы кішірек пәтер бөлінген жағдайлар да болды.

Осындай жағдайлардың барлығында тұрғын үйді бөлу процесін қайта бастауға тура келіп, уақыт ұзарды және жүйе кешігіп жұмыс істеді.

Енді, 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіретін болады. Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады.

Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, оны кезектен шығармайды. Алайда ол қанша уақыт кезекте тұрса да, тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды. Түгендеуден өтпеген жағдайда банк оған жалдамалы тұрғын үйді де, сондай-ақ 2% және 5%* мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігін де ұсына алмайды.

Қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтардың ішінде 257 000 адам түгендеуден өтті.

*2% (ЖТСМ 2,0% – 2,1%)
5% (ЖТСМ – 5,2% – 5,8%).

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру