Шымкент тұрғындары «Өз үйім» бағдарламасы аясында жаңа баспаналарға ие болды. Бұл Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жеке жобасы. Бағдарлама тұрғын үйлерді нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алуға көмектеседі.
Мысалы, «Тенгри» жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары комфорт класстағы пәтерлерінің 1 шаршы метрін 380 000 теңгеден сатып алды. Бұл Шымкенттегі тұрғын үй нарығындағы пәтерлердің құнынан 13% төмен.
Күні кеше Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Kanfar Building» құрылыс компаниясының басшысы Берік Әкімбаев пен «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов «Тенгри» тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтады.
Сондай-ақ, жақын арада Шымкент қаласындағы тағы үш тұрғын үй кешенінен – «Отбасы», «Тұрар» және «Отырар» пәтерлер сату туралы келісімге қол қою жоспарлануда. Онда «Өз үйім» бағдарламасы бойынша Отбасы банк клиенттеріне 1600-ге жуық пәтер ұсынылады.
Құрылыс салушы «Kanfar Building» Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігіне ие. Бұл құрылысы аяқталмаған үйлерден пәтерлерді тиімді әрі қауіпсіз түрде сатып алуға болатынын білдіреді.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша несие мөлшерлемесі жылдық 7%-дан 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 7,2%-дан бастап) және одан әрі ол жылдық 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 5,1%-дан бастап).
Бағдарламаға қатысу үшін атыңызда баспанаңыздың бар-жоқтығы мен тұрақты тіркеудің болуы маңызды емес.
«Өз үйім» осыдан 7 жыл бұрын іске қосылған. Бағдарлама бойынша алғашқы жылы 70 заем берілсе, қазір жылына орта есеппен 4000 заем беріледі. Биылғы жылы «Өз үйім» бойынша несиенің басым бөлігі Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан, Атырау, Абай, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында берілді. Яғни, аталмыш өңірлерде құрылыс салушылар тұрғындарға қажетті шаршы метрлердің жеткілікті санын енгізіп, Отбасы банк клиенттеріне жаңа тұрғын үй сатып алу үшін оңтайлы жағдай жасауда.
Жалпы «Өз үйім» бағдарламасы бойынша 22 446 қазақстандық қоныс тойын тойлай үлгерді.
***
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!