Семейлік жас футболшы "AQYL" депозитінің 50 мыңыншы салымшысы атанды | Ахмет Құрмаштың білім депозитін анасы Отбасы банкінде ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ашты. Мерейтойлық депозитке иесі - 9 жаста. Мектептен бөлек, Семей қаласының жас тұрғыны футболды жақсы көреді және кәсіби спортшы болуды армандайды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Семейлік жас футболшы "AQYL" депозитінің 50 мыңыншы салымшысы атанды

Семейлік жас футболшы "AQYL" депозитінің 50 мыңыншы салымшысы атанды

8 қараша 2024

Ахмет Құрмаштың білім депозитін анасы Отбасы банкінде ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ашты. Мерейтойлық депозитке иесі - 9 жаста. Мектептен бөлек, Семей қаласының жас тұрғыны футболды жақсы көреді және кәсіби спортшы болуды армандайды. Ахметтің ата-анасы бес бала тәрбиелеп отыр. Сондықтан балаларының болашағына деп қаражат жинау – отбасы үшін үлкен маңызы бар дүние.

Семей тұрғынымен қатар, қазір Қазақстанның барлық өңірлерінде ата-аналар балаларының болашақ біліміне белсенді түрде қаражат жинауда. Күн сайын Отбасы банкінде "AQYL" депозиттерін 200-ге жуық қазақстандық ашады. Ал білім беру шотын ашу жасы маңызды емес. Мысалы, Отбасы банкіндегі ең кішкентай "AQYL" депозитінің иесі – Қостанай облысының тумасы, үш апталық сәби. Білім алу үшін белсенді қаражат жинайтын ересек қазақстандықтар да бар. Олардың бірі Атырау облысында тұрады. 28 жастағы салымшы, өз шотында 6,7 млн теңге жинаған.

Ең үнемшіл және көреген ата-аналар Шымкент, Астана, Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында тұрады. Дәл осы аймақтарда білім беру депозиттері жиі ашылады. Осы өңірлердің салымшылары шоттарында 795,8 млн теңге жинады.

- Биылғы жылдан бастап Отбасы банк қазақстандықтарға тұрғын үйге ғана емес, білім алуға да ақша жинауға көмектеседі. Өйткені, біздің балаларымыздың алдында үлкен мүмкіндіктер есігін ашатын дүние бұл – сапалы білім. Білімнің күшімен сіз барлық арман мен тілектеріңізді жүзеге асыра аласыз, мейлі ол үй сатып алу, саяхаттау, жеке тәуелсіздік немесе табысқа жету болсын. Оны біздің "AQYL" депозитіміз іске асыруға көмектеседі. 1 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Отбасы банкінде 57 267 білім беру шоты ашылды. Депозиттің мерейтойлық, 50 мыңдық ұстаушысы Семей қаласының баласы болды. Небәрі 9 жастағы жеткіншектің жетістіктері жетерлік – ол мектепте жақсы оқиды, футбол ойнайды және болашақта кім болатынын анық біледі. Оның банктегі бұл жинағы болашақта арманына жетуге және сапалы білім алуға көмектесетініне кәміл сенімдімін. Оған жүрек қалауын тыңдап, армандарының орындалуына тілекшімін, - деді Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Биылғы жылы Отбасы банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МББЖЖ) қатысушысы болды. Бұл бағдарлама мектеп бітірген азаматтарға болашақта оқу ақысын төлеу үшін пайдалы болатын "AQYL" білім беру салымдарын ашуға мүмкіндік береді. МББЖЖ Қазақстанда 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Оның операторы - "Қаржы орталығы" АҚ.

- Қазір мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне алты қазақстандық банк пен бес сақтандыру компаниясы кіреді. Биылғы жылы "Қаржы орталығы" АҚ ашылған депозиттер бойынша мерейтойлық көрсеткішті атап өтті. Бүгінгі таңда 70 000 қазақстандық "AQYL" білім беру салымдарына ақша жинап жүр, олар бұл қаражатты кейіннен елімізде де, шетелде де білім беру ақысын төлеуге пайдалана алады. "AQYL" депозитін аша отырып, клиенттер банктен сыйақы алудан бөлек, салымшының әлеуметтік санатына байланысты жыл сайын 5% немесе 7% мемлекеттік сыйлықақы алады, - деп атап өтті "Қаржы орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов.

"AQYL" салымын 3 жыл немесе 5 жыл мерзімге ашылады. Егер депозит кемінде үш жыл мерзімге ашылатын болса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 12%-ға тең (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1%-ға дейін). Егер депозит кемінде 5 жылға ашылатын болса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 9,5%-ға тең (ЖТСМ 9,5%-дан 10,1%-ға дейін).

Ең маңыздысы, банк қосқан сыйақы ай сайын капиталдандырылады. Бұл банк пайызы депозит сомасына қосылатындығын және келесі айда осы ақшаға жаңадан сыйақы есептелетінін білдіреді.

Бұл депозиттің ең үлкен артықшылығы. Мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі және капиталдандырылуы жиынтық түрде салымды тиімді түрде көбейтеді.

Балалардың біліміне қаражат жинақтау кезінде мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

- жыл сайын салымшылардың барлық санаттары үшін 5% мөлшерінде сыйлықақы қосылады;

- жыл сайын жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы және табысы төмен отбасылардың балаларына ашылған депозиттерге 7% мөлшерінде сыйлықақы қосылады.

Мемлекеттік сыйлықақы есептелуі үшін салым бір жыл жинақталуы тиіс.

"AQYL" депозитін ашу кезіндегі міндетті бастапқы жарна мөлшері 3 АЕК-ке немесе 11 076 теңгеге тең (2024 жылы). Әрі қарай, депозитті ай сайын толықтыру мөлшерін салымшы өз бетінше белгілейді.

"AQYL" депозитін қалай ашуға болады?

- Баспана маркет порталындағы (otbasybank.kz) жеке кабинетте;

- банк бөлімшелерінде;

- банктің кеңес берушілері көмегімен. Олардың тізімін банк сайтында табуға болады.

- банк сайтында бейне-қоңырау қызметіне тапсырыс беру арқылы;

- Отбасы банктің "Otbasy bank lite" жаңа мобильді қосымшасында.

"AQYL" депозитінің артықшылықтары:

- мемлекет пен үшінші тұлғалардың өндіріп алуларынан қорғалған, яғни бұл шотты бұғаттау немесе одан қаражат алу мүмкін емес.

- Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорында сақтандырылған;

- грантқа ие болған жағдайда, жинақтау депозитін жауып, мемлекеттік сыйлықақымен бірге жинақ ақшаның бүкіл сомасын алуға болады. Сондай-ақ, шотты басқа балаға қайта ресімдеуге немесе магистратураға түсу мақсатында жинақтауды жалғастыруға болады.

- Отбасы банктегі "AQYL" депозитін Ұлттық қордан алынған жинақтармен толықтыруға болады. Биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар осы төлемдерге иелік ете алады. Оны "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында enpf-otbasy.kz платформасында іске асыруға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру