Отбасы банкінің салымшылары BI Group-тан бастапқы жарнасы 30%-дан басталатын баспана ала алады | «Отбасы банк» АҚ пен BI Group құрылыс холдингі несиелеудің жаңа тетігін таныстырды. Бұл қазақстандықтарға BI Group компаниясының салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен бастапқы жарнасы 30%-дан басталатын пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Несие бойынша мөлшерлеме жылдық 7%-ды (ЖТСМ 7,4%-дан бастап) құрайды. Несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін. Қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн теңгеге дейін. Мұндай несие алу үшін Отбасы банкінде жинақтың болуы міндетті емес. Жинақ шотын ашып, бір мезетте тұрғын үй құнының 30%-ын аударып, бірден несие рәсімдеуге болады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банкінің салымшылары BI Group-тан бастапқы жарнасы 30%-дан басталатын баспана ала алады

Отбасы банкінің салымшылары BI Group-тан бастапқы жарнасы 30%-дан басталатын баспана ала алады

10 наурыз 2023

«Отбасы банк» АҚ пен BI Group құрылыс холдингі несиелеудің жаңа тетігін таныстырды. Бұл қазақстандықтарға BI Group компаниясының салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен бастапқы жарнасы 30%-дан басталатын пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Несие бойынша мөлшерлеме жылдық 7%-ды (ЖТСМ 7,4%-дан бастап) құрайды. Несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін. Қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн теңгеге дейін.

Мұндай несие алу үшін Отбасы банкінде жинақтың болуы міндетті емес. Жинақ шотын ашып, бір мезетте тұрғын үй құнының 30%-ын аударып, бірден несие рәсімдеуге болады.

Сатып алынған мүлік кепілдік болып саналады. BI Group компаниясы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның нормаларын сақтайды және үлескерлердің ақшасын тартуға, не салуға жергілікті атқарушы органдардың берген рұқсаты бар.

– Біз Отбасы банкпен бірлескен жұмысымыздың тұрғындарға баспана алуға көмектесетініне қуаныштымыз. «Кереге ипотека» жаңа бағдарламасының іске қосылуына байланысты баспананы 30%-дық бастапқы жарнамен және қосымша кепілдіксіз сатып алу мүмкіндігі бар. BI Group 27 тұрғын үй кешеніндегі 1200-ден астам пәтерді 18 миллион теңгеге ұсынуға дайын. Біз қазақстандықтар арасында «Кереге ипотекасы» сұранысқа ие болады деп ойлаймыз, өйткені оның артықшылықтары көп», - деп атап өтті BI Group қаржылық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Оңғарбаев.

– Қазақстандықтар Baspana Market порталында өздеріне ұнаған нысанды таңдап, пәтерді брондай алады. Бұл – Отбасы банкінің жылжымайтын мүлік маркетплейсі. Ол біздің тұтынушыларымыз бен құрылыс компаниясына ыңғайлы болу үшін жасалған. Мұнда онлайн ипотекаға өтініш беру арқылы үйді қашықтан сатып алуға болады. Бұл – әсіресе, басқа қаладан пәтер алғысы келетіндер үшін қолайлы. Онлайн ипотеканы пайдаланушылардың барлығы үшін несиелік өтінімді қарау 0 теңгені құрайды. Сонымен қатар бұрынғы пайдаланушыларға несие беруді ұйымдастыру қызметі арзанырақ болады. Оның құны екі есеге төмендеп, несие сомасының 0,5 %-ның орнына 0,25%-ды құрап отыр, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ сату және өңірлік даму департаментінің директоры Гүлмира Датқаева.

Ипотекалық несие алу жөнінде кеңес алу үшін Отбасы банк бөлімшелеріне, нысандардың бар-жоғын білу және жылжымайтын мүлікті сатып алу мәселелері бойынша BI Group-тың сату бөлімдеріне, сонымен қатар 360 (BI Group), 300 (Отбасы банкі) телефондары арқылы хабарласуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

***

BI Group – Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшы компания. Құрылыс холдингі 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт аралығында кәсіби әрі сенімді серіктес ретінде беделге ие бола білді. BI Group бүгінде құрылыстың, даму мен инжинирингтің әртүрлі саласындағы құрылымдық бөлімшелер мен дирекциялардан тұратын әртараптандырылған корпорация болып табылады.

«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын жалғыз банк. Банк – Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясының (ЕҚЖКФ) және Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың халықаралық одағының мүшесі. «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру