Отбасы банк деректерді өңдеу орталығын Астанаға көшіруді аяқтады | 2026 жылдың 5 қаңтарында Отбасы банкінің ( «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) банктік сервистерінің жұмысында уақытша шектеулер байқалуда. Бұл техникалық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты болып отырған жағдай.
Отбасы банк деректерді өңдеу орталығын Астанаға көшіруді аяқтады

Отбасы банк деректерді өңдеу орталығын Астанаға көшіруді аяқтады

5 қаңтар 2026

2026 жылдың 5 қаңтарында Отбасы банкінің ( «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) банктік сервистерінің жұмысында уақытша шектеулер байқалуда. Бұл техникалық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты болып отырған жағдай.

2025 жылдың 31 желтоқсаны мен 2026 жылдың 2 қаңтары аралығында банкте қаржы жылын жабу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2026 жылдың 3 қаңтарында сағат 03:00-де негізгі деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) есептеу қуаттарын Алматыдан Астана қаласына көшіру бойынша жоспарлы жұмыстар басталды. Бұл процесс сервистердің тоқтап қалуын барынша азайту мақсатында демалыс күндеріне жоспарланған болатын.

Банк құрамында 40 сервер, 10 деректерді сақтау жүйесі және 6 желілік жабдық бар. Банк 10 технологиялық жабдық сөресін көшірді. Жабдықтарды тасымалдау банк қызметкерлерінің өз күшімен, үшінші тарап мердігерлері мен қосымша сервистерді тартусыз жүзеге асырылды. Бұл шығындарды оңтайландыру және қаражатты тиімді пайдалану мақсатында жасалды.

Серверлік жабдық пен дискілік массивтер суық мезгілде тасымалданғанын ескере отырып, жеткізілгеннен кейін жабдықтар нормативтік температуралық көрсеткіштерге жеткенге дейін арнайы орындарға орналастырылды. Монтаждау және пайдалануға енгізу кезең-кезеңімен жүргізіліп, әрбір жүйе бойынша қосылымның дұрыстығы, жұмыс тұрақтылығы және деректердің тұтастығы тексерілді.

Жүйелерді іске қосуды 2026 жылдың 5 қаңтары күні сағат 09:00-ге дейін аяқтау жоспарланған еді. Алайда қосымша баптау мен тексеруді талап еткен техникалық қиындықтардың туындауына байланысты жүйелерді іске қосу кешіктірілді.

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша банк Colvir автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйесін (АБИС), төлем жүйесін, BPM, BPM 2.0, CRM, 300 нөмірі бойынша кіріс қоңырауларды өңдеу жүйесін, сондай-ақ бірқатар негізгі ішкі ақпараттық жүйелерді іске қосты. Аталған уақытқа дейін 660-тан астам кіріс төлемі және 3000-ден астам кіріс қоңырауы өңделді.

Қазіргі уақытта цифрлық қызмет көрсету арналары кезең-кезеңімен іске қосылуда. Алдағы уақытты барлық аса маңызды ақпараттық жүйелер толық қалпына келтіріп, банктің штаттық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Банк жүйелердің жұмыс қабілеттілігін тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр. Маңызды ақаулар, деректердің жоғалуы немесе ақпараттық ресурстардың тұтастығының бұзылуы тіркелген жоқ. Барлық банктік қызметтерді штаттық режимде толық қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

2026 жылдың 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қаңтар күндеріне жоспарланған кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдерді клиенттер 2026 жылдың 7 қаңтары сағат 20:00-ге дейін төлей алады. Бұл ретте банк оны мерзімі өткен берешек ретінде есептемейді және өсімпұл есептемейді.

Аталған кезеңдегі мерзімінен кешіктірілген төлемдер туралы ақпарат кредиттік бюроға жіберілмейді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру