«Отбасы банк» Ұлттық даму институты мәртебесінде алғаш рет несиеге берілетін тұрғын үйлерді бөлді | Бүгін Көкшетауда алғашқы қоныстой иелері пәтер кілттерін алды. Бұл тұрғын үйлерді ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) «Отбасы банк» өзінің жаңа мәртебесі – Ұлттық даму институты ретінде бөлді. Пәтер иелерінің қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар және 1 мен 2 топтағы мүгедікті бар азаматтар бар.
«Отбасы банк» Ұлттық даму институты мәртебесінде алғаш рет несиеге берілетін тұрғын үйлерді бөлді

«Отбасы банк» Ұлттық даму институты мәртебесінде алғаш рет несиеге берілетін тұрғын үйлерді бөлді

8 қазан 2025

берілетін тұрғын үйлерді бөлді

Бүгін Көкшетауда алғашқы қоныстой иелері пәтер кілттерін алды. Бұл тұрғын үйлерді ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) «Отбасы банк» өзінің жаңа мәртебесі – Ұлттық даму институты ретінде бөлді. Пәтер иелерінің қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар және 1 мен 2 топтағы мүгедікті бар азаматтар бар.

Бүгін ұзақ күткен пәтерінің кілтін Бақыт Бексұлтанова да алды. Ол кісі инсульт алғаннан кейін 2-топ мүгедек атанған екен. Ауырғанға дейін Бақыт бухгалтер болып жұмыс істеген. Жұбайымен бірге ауылда тұрған, бірақ сырқат өмір жоспарларын өзгертіп, жұректі қарайтын дәрігерлерге жақын болу үшін қалаға көшуге тура келген. Отбасы 9 жыл бойы Көкшетауда жалдамалы пәтерде тұрып, өз кезегін шыдамдылықпен күтіпті.

– Жаңа қонысқа көшетінім жайлы жаңалықты естігенде көзіме жас келеді. Мен өз пәтерімді көрдім, кең, бірінші қабатта орналасқан, бұл мен үшін өте ыңғайлы. Өз талғамымызға қарай жаңа жиһаз аламыз. Жалдамалы пәтерде мұндай мүмкіндік болмады. Әсіресе қозғалысым шектеулі болғанда, бөтен пәтерде тұру қиын еді, – деп бөлісті Бақыт Бексұлтанова.

Кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үйді Ақмола облысының әкімдігі ұсынды. Барлығы «Отбасы банкке» 1 шаршы метрінің бағасы 261 850 теңгеден 68 пәтер берілді.

Өңір тұрғындары бұл пәтерлерді жеңілдетілген мөлшерлемемен сатып ала алды: жылдық 2% (ЖТСМ 2%-дан 2,1%-ға дейін) және 5% (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін) болған жағдайда, бастапқы жарна небәрі 10%.

– Бүгін біз Ұлттық даму институты ретінде жаңа мәртебеде алғашқы қадам жасап, тұрғын үйге аса мұқтаж азаматтар арасында пәтер бөлдік. Енді ұзақ жылдар бойы кезегін күткен отбасылардың өз шаңырағы бар, яғни олардың балалары үшін жаңа мүмкіндіктер, жайлылық пен жылылық пайда болды. Кредиттік тұрғын үйді бөлу процесі автоматты түрде өтті. Кезекте тұрған азаматтар пәтерге өтініш берді, ал жүйе тұрғын үй кезегіне ертерек тұрған және тиісті санатқа жататын азаматтар арасынан тізім құрды. Кейін отбасылардың табысы тексеріліп, ұсынылған пәтерді растау кезеңі жүргізілді.
Алғашқы бөлу бойынша 21 отбасы пәтер алды. Ал жақын уақытта тағы 47 пәтер тапсырылады, – деді «Отбасы банк» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахметов.

Айта кету керек, Ақмола облысындағы кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу – «Отбасы банкінің» «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүзеге асырып жатқан пилоттық жоба. Осы жоба аясында автоматтандырылған жүйенің жұмыс тетігі сыналып, оның тиімділігі дәлелденді.

Пилоттық жоба аясында 2025 жылдың 13 тамызында «Отбасы банкінде» жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды. Қазақстандықтар өтініштерін беріп, содан кейін қатысушылар тізімі құрылды. Жүйе азаматтардың есепке алынған күні мен табыс деңгейін ескере отырып, тұрғын үйлерді автоматты түрде бөлді.

Ең алдымен тұрғын үй басымды санаттағы азаматтарға бөлінді. Оларға Екінші дүниежүзілік соғыс және оған теңестірілген ардагерлер, басқа елдердегі соғыс әрекеттерінің ардагерлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жесірлер немесе жұбайынан айырылғандар кірді.

Бұл санаттағы азаматтарға жалпы тұрғын үй көлемінің кемінде 70%-ы тиісті болды. Сол көлемнің 20%-ы жетім балаларға берілді. Қалған 30% пәтерлер кезекте тұрған басқа санаттағы азаматтар арасында бөлінді.

Жақын арада «Отбасы банк» жалдамалы және кредиттік тұрғын үйлерді елдің басқа өңірлерінде де бөлуді бастайды – мұнда әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға тапсыруға дайын тұрғын үйлер бар. Бұл тұрғын үй кезегін жылдамдатуға және ең ұзақ уақыт күткен азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру