Отбасы банк тұрғын үйді бөлудің автоматтандырылған жүйесін іске қосады | Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық даму институты мәртебесінде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын болады. Азаматтардың өздерін баспана кезегіне қою туралы барлық өтініштері "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-форматта қабылданатын болады. Қазір банктің 8 мемлекеттік деректер базасымен интеграциясы бар, болашақта олардың саны ұлғаяды. Бұл дегеніміз, қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі бар-жоғы автоматты түрде тексеріледі, олардың отбасылық жағдайы тексеріледі, тұрғын үйге мұқтаж адамның мәртебесі мен санаты расталады және тағы басқалар. Автоматтандыру осы процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және адам факторын болдырмайды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк тұрғын үйді бөлудің автоматтандырылған жүйесін іске қосады

Отбасы банк тұрғын үйді бөлудің автоматтандырылған жүйесін іске қосады

17 қазан 2024

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық даму институты мәртебесінде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын болады.

Азаматтардың өздерін баспана кезегіне қою туралы барлық өтініштері "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-форматта қабылданатын болады. Қазір банктің 8 мемлекеттік деректер базасымен интеграциясы бар, болашақта олардың саны ұлғаяды. Бұл дегеніміз, қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі бар-жоғы автоматты түрде тексеріледі, олардың отбасылық жағдайы тексеріледі, тұрғын үйге мұқтаж адамның мәртебесі мен санаты расталады және тағы басқалар. Автоматтандыру осы процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және адам факторын болдырмайды.

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданғаннан кейін өз жұмысын бастайды. Бүгін Сенат депутаттары отырыс барысында осы заң жобасын қарады.

- Отбасы банкіне Ұлттық даму институты мәртебесін берілгеннен кейін, бізде 6 ай уақыт болады. Осы уақыт аралығында біз ақпараттық жүйемізді іске қосамыз және барлық процестерді реттейміз. "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының" жұмысы "бір терезе" қағидатын қолдануға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз "тұрғын үйге мұқтаж" мәртебесін растау үшін қазақстандықтар бұрынғыдай бірнеше инстанцияға жүгініп, кезекке тұрып, содан кейін қолжетімді заем алу үшін банкке барып, әуре-сарсаңға түспейді деген сөз. Сондай-ақ мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады. Мысалы, егер отбасының әрбір мүшесіне бөлінген ортақ табыс бір күнкөріс минимумын немесе 43 407 теңгені құраса, онда оған тұрғын үйді жалдауға арналған ақының бір бөлігін субсидиялау ұсынылатын болады. Егер табыс көрсетілген минимумнан жоғары болса, онда оған ең төменгі бастапқы жарнасы бар және жылдық 2%-дан (ЖТСМ 2,0% бастап 2,1% дейін) - 9%-ға (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін) дейінгі мөлшерлемелер бойынша тұрғын үй бағдарламалары ұсынылатын болады. Егер уәкілетті орган тиісті шешім қабылдаса, мұндай тұрғын үй сатысы іске асырылатын болады, - деп түсіндірді Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Жаңа заң аясында жергілікті әкімдіктер жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй салумен айналысуды жалғастырады. Ал Отбасы банк бұл тұрғын үйлерді кезекте тұрған азаматтар арасында бөлетін болады.

Заң жобасында тұрғын үй мәселесін шешуде қазақстандықтарға тек бір рет қана мемлекеттік қолдау көрсетілетіні қарастырған. Егер бұрын азамат мемлекет есебінен салынған жалға берілетін немесе кредиттік тұрғын үйді алған болса немесе жеңілдікті ипотекалық несие алған болса, онда ол есепке қайта тұра алмайды.

Отбасы банк Ұлттық даму институты бола отырып, ҚР Ұлттық банкі мен ҚНРДА-нің реттеуімен, екінші деңгейлі банктер жүйесінде, сондай-ақ ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесінде қалатынын атап өткен маңызды. Бұл оның негізгі жұмысын бұрынғы режимде жалғастыратынын білдіреді және қазақстандықтар жинақтардың тұрақтылығына және депозиттердің сақталуына сенімді бола алады.

Бүгінгі таңда Отбасы банкінде 4 шарттары жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске асырылуда.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "2-10-20" (бұрын - "Бақытты отбасы") бағыты бойынша биыл 31,5 млрд теңгеге 2 499 заем берілді. "5-10-20" (бұрын – "Шаңырақ") бағыты бойынша 36,7 млрд теңге сомасына 3 247 заем берілді.

"Отау" бағдарламасы аясында 42,6 млрд теңге сомасына 1 986 заем берілді. "Наурыз" бағдарламасы аясында 90,5 млрд теңге сомасына 3 446 заем берілді.

Сондай-ақ, Отбасы банк "Асыл мекен" бағдарламасы аясында ауылдардың, аудан орталықтарының және моноқалалардың тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектеседі. Оны іске асыруға банк 2 млрд теңге көлемінде өз қаражатын бөлді. Жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 133 заем берілді.

Қосымша, жас қазақстандықтарды қолдау үшін банк өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын іске асырады. 7 жыл ішінде 35 жасқа дейінгі 7700-ден астам азамат бүкіл ел бойынша қоныс тойын тойлай алды. Осы жобаны іске асыруға банк 38,4 млрд теңге, жергілікті атқарушы органдар – 132,6 млрд теңге бөлді.

Өңірлік бағдарламалар өңірге қажетті кәсіп иелерін, атап айтқанда: дәрігерлерді, мұғалімдерді, спортшыларды, ТЖМ қызметкерлерін және басқа да мамандарды өңірде қалдыруға және қолдауға көмектеседі.

*** 

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. 2022 жылы банк Ұлттық ESG клубының негізін қалаушылардың бірі болды. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру