Отбасы банк серіктестерімен бірге 2025 жылы Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосуды жоспарлап отыр | Астанада Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы), Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) Қазақстандағы исламдық қаржы индустриясын дамыту туралы меморандумға қол қойды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк серіктестерімен бірге 2025 жылы Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосуды жоспарлап отыр

Отбасы банк серіктестерімен бірге 2025 жылы Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосуды жоспарлап отыр

30 желтоқсан 2024

Астанада Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы), Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) Қазақстандағы исламдық қаржы индустриясын дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар арасындағы серіктестік пен бірлескен ынтымақтастық Қазақстанда исламдық қаржыландыру мен исламдық ипотекалық құралдарды дамытуға және ілгерілетуге ықпал етеді.

Бірінші кезеңде тараптар қазақстандық заңнаманы зерделеу және тиісті өзгертулер енгізу, исламдық қаржыландыру саласында бірлескен оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізу, бірлескен сараптамалық, ақпараттық, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуі керек.

– Біз сарапшылар тобымен және құрылысшылар қауымдастығымен бір емес бірнеше рет кездесіп, Қазақстанда исламдық ипотекаға сұраныстың жоғары екеніне көз жеткіздік. Діни ұстанымдағы азаматтарымыз ақшаны өсімге алмауы, пайдаланбауы керек. Бірақ оларға да өзге азаматтарымызға сияқты жеке баспана қажет. Біз бір қоғам және мемлекетпіз, бізде діни сенім бостандығы бар және сенімі баспана мәселесін шешуге мүмкіндік бермейтін қазақстандықтарға қолдау көрсетуіміз керек. 2025 жылы біз алдымызға исламдық ипотеканы іске қосу бойынша жұмысты бастау міндетін қойдық. Бізде ислам ипотекасы қарастырылмаған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң бар. Алайда заңнамалық бастамалар заңда «исламдық терезе» деп аталатын жеке бөлімді құруға және ислам ипотекасын алу үдерісін сипаттауға көмектеседі, деп түсіндірді«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Шарият қағидаларына негізделген исламдық ипотекада пайыздар негізгі қарызға қолданыла алмайды. Сондықтан алдағы уақытта банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалана отырып, исламдық қағидаттар бойынша тұрғын үйді қаншалықты нақты сатып алуға болатынын қарастырады.

Отбасы банк CSQlaw Қазақстандағы филиалымен де меморандумға қол қойды. Бұл малайзиялық компанияның Қазақстандағы филиалы. Ынтымақтастық аясында бұл компания Отбасы банк қызметкерлерін шариятқа сай қаржылық құқық негіздері мен исламдық қаржыландыру бойынша кешенді оқытуды ұйымдастырады.

Бұл банк қызметкерлерінің исламдық қаржы құқығы саласындағы кәсіби білімін арттырып, тәжірибесін кеңейтеді. Сонда банктің жаңа клиенттері ислам талаптарына сай сапалы қызмет алып, баспана мәселесін шеше алады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру