Отбасы банк Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Ш. Есенов атындағы) оқытушыларының баспана мәселесін шешуге көмектеседі | Ш. Есенов атындағы университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері Маңғыстау облысынан қолжетімді шарттармен баспана сатып ала алады. Оларға бұл мүмкіндікті «Корпоративтік» өнімі бермек. Бұл өнімді «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк жүзеге асырады.
Отбасы банк Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Ш. Есенов атындағы) оқытушыларының баспана мәселесін шешуге көмектеседі

Отбасы банк Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Ш. Есенов атындағы) оқытушыларының баспана мәселесін шешуге көмектеседі

12 желтоқсан 2025

Ш. Есенов атындағы университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері Маңғыстау облысынан қолжетімді шарттармен баспана сатып ала алады. Оларға бұл мүмкіндікті «Корпоративтік» өнімі бермек. Бұл өнімді «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк жүзеге асырады.

Бүгін банктің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен университет ректоры Берік Ахметов ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Әр тарап 200 млн теңгеден бөледі. Бұл қаражат университет қызметкерлеріне жеңілдетілген қарыздар ұсынуға бағытталады. Бөлінген қаржы шамамен 40 қызметкерді несиелеуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

«Корпоративтік» өнімді Отбасы банк бірнеше жылдан бері жүзеге асырып келеді. Ол – өз қызметкерлерінің қолжетімді шарттармен баспана алуына жағдай жасағысы келетін компанияларға арналған бағдарлама. Банк Қазақстан бойынша ондаған кәсіпорынмен серіктестік орнатып, зауыттар мен өнеркәсіп орындарының, әртүрлі компаниялардың қызметкерлеріне жаңа баспаналы болуға көмектесті.

«Корпоративтік» өнімін жүзеге асыру жөніндегі келісім Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында қол қойылып отырғаны да символдық мәнге ие. Президент бастамасының мақсаты – техникалық және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби білім беру жүйесін дамыту және өңірлердің кадрлық әлеуетін күшейту.

Дәл осы бағытта Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Университет бағдарламалық инженерия, су көлігі және кеме қатынасы, құрылыс, мұнай-инженерия, тау-кен және мұнай-газ ісі, машина жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы және ел экономикасы үшін маңызды өзге де мамандықтар бойынша мамандар даярлайды.

ЖОО-да жоғары білікті оқытушылар еңбек етеді. Олардың көбісі үшін қолжетімді баспана мәселесі өзекті.

Енді олар Маңғыстау облысынан баспана сатып алу үшін жылдық 5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2%–5,3%) несие ала алады. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна – 10%-дан басталады.

Несие алушы қатысушылар тізімін университет қалыптастырады.

Келісімге қол қойылуы университет қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартып қана қоймай, өңірдің техникалық және инженерлік бағыттағы кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, акиматтармен бірлескен жобалар аясында Отбасы банк 14 419 несие берген. «Корпоративтік» өнім және жалға беріп-жинақтау механизмі арқылы 519 қызметкер баспанаға ие болды.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру