Отбасы банк 483 қазақстандық ғалымның баспаналы болуына көмектесті | Жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанда табысты іске асырылып келеді. Бағдарлама 2023 жылы Отбасы банк (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлесуімен іске қосылды. Жоба 5 жылға есептелген. Осы кезең ішінде ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін жас ғалымдар қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады.
Отбасы банк 483 қазақстандық ғалымның баспаналы болуына көмектесті

Отбасы банк 483 қазақстандық ғалымның баспаналы болуына көмектесті

30 қаңтар 2026

Жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанда табысты іске асырылып келеді. Бағдарлама 2023 жылы Отбасы банк (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлесуімен іске қосылды. Жоба 5 жылға есептелген. Осы кезең ішінде ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін жас ғалымдар қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады.

483 қазақстандық ғалым қоныс тойын атап өтті. Оларға жалпы сомасы 9,2 млрд теңге көлемінде тұрғын үй займы берілді. Тұрғын үйге мұқтаж ғалымдарды қолдау мақсатында Отбасы банк бұл бағдарламаға өз қаражатын бағыттады.

– Биылғы жыл Мемлекет басшысы тарапынан Білім және ғылыми зерттеулер жылы деп жарияланды. Бұл шешім еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастырып жатқан ғылым мен ғалымдарға көрсетіліп отырған қолдаудың айқын көрінісі. Ғылым – бұл тек формулалар, зерттеулер мен жаңалықтар ғана емес. Бұл – елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін жылдар бойы еңбек етіп жүрген адамдар. Сол себепті ғалымдар өз жұмысына толықтай көңіл бөлуі үшін олардың тұрғын үй мәселесін шешуді өз міндетіміз деп санадық. Жас ғалымдарға арналған бағдарлама аясында бастапқы жарнасы небәрі 10 пайыздан, жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несиеге баспана алуға мүмкіндік бар. Бағдарлама өңірге байланбайды, еліміздің кез келген қаласынан тұрғын үй сатып алуға болады, – деп түсіндірді Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Қолжетімді тұрғын үй қарыздарының басым бөлігі Алматы қаласында берілді. Мұнда 225 ғалым қоныс тойын атап өтті. Бұл сұраныс мегаполисте ғылыми қауымдастықтың едәуір бөлігі шоғырланғанымен түсіндіріледі: қалада Ұлттық ғылым академиясы, көпжылдық тарихы бар ғылыми-зерттеу институттары және елдегі жетекші ондаған жоғары оқу орындары орналасқан.

Берілген займдар саны бойынша екінші орында Қарағанды қаласы тұр – мұнда 48 ғалым тұрғын үй мәселесін шешті. Астанада бағдарламаға қатысқан 40 адам қолжетімді несие алды.

Қолжетімді займ алу құқығына ие ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қалыптастырады. Одан кейін бағдарламаға қатысушылар пулын жұмыс беруші айқындайды. Аталған тізім банкінің ресми сайтында жарияланған https://hcsbk.kz/affordable-housing/programma-dlya-molodykh-uchenykh/

Тізімде көрсетілген ұйымдар тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар пулын өз бетінше қалыптастырады. Олар өз қызметкеріне жолдама беріп, сол жолдамамен қызметкер Отбасы банкке несие алуға өтінім тапсырады.

Бағдарламаға қатысушының жасы 40 жастан аспауы тиіс (қоса алғанда). Сондай-ақ соңғы 5 жыл ішінде қатысушының өзі және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы және сатып алу құқығымен берілген жалдамалы тұрғын үйді пайдаланбауы қажет.

Жас ғалымдарды несиелеу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, қарыз алушылардың келісімімен бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат банктің ресми сайтында жарияланады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру