Отбасы банк пен Ұлытау облысының әкімдігі «Ulytau zhastary» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты | Жаңа жоба Ұлытау облысының жас мамандарына қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны қаржыландыруға 750 млн теңге бөлінді, оның 500 млн теңгесін Ұлытау облысының әкімдігі, 250 млн теңгесін Отбасы банк қосты («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы).
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк пен Ұлытау облысының әкімдігі «Ulytau zhastary» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

Отбасы банк пен Ұлытау облысының әкімдігі «Ulytau zhastary» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

1 маусым 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Жаңа жоба Ұлытау облысының жас мамандарына қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны қаржыландыруға 750 млн теңге бөлінді, оның 500 млн теңгесін Ұлытау облысының әкімдігі, 250 млн теңгесін Отбасы банк қосты («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы).

Несиелендіруге Ұлытау облысында жұмыс істейтін келесі қызмет салаларының жас мамандары қатыса алады:

1)   Денсаулық сақтау – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері;

2)   Білім беру – білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (соның ішінде мемлекеттің қатысуы 100% құрайтын АҚ және КЕАҚ) педагогикалық ұжымы;

3)   Мәдениет – мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мамандандырылған қызметкерлері;

4)   Спорт – мемлекеттік ұйымдарда қызмет істейтін спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;

5)   Бұқаралық ақпарат құралдары – ресми тіркелген БАҚ-ның штаттық қызметкерлері;

6)   ЖОО – жоғары оқу орындарының қызметкерлері;

7)   Әлеуметтік сала – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері.

«Ulytau zhastary» бағдарламасына 18-ден 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Ұлытау облысының тұрғындары қатыса алады. Үміткерлердің өтініш берген кездегі ресми жұмыс өтілі соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы бір жыл бойы облыста тұрақты тіркеуі болуы қажет. Сондай-ақ, қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.

- Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, өңірлік жастар бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Осылайша жас азаматтардың жергілікті жерлердегі баспана мәселесі шешіліп жатыр. Бұл олар үшін өте маңызды. Өйткені, жеке баспана – болашаққа деген нық сенім, отбасын құруға, кәсіби өсуге деген ұмтылыс, – деп түсіндірді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы немесе екінші нарықтан, пайдалануға берілген және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен салынып жатқан нысаннан алуға болады.

Отбасы банк пәтер сатып алуға беретін несиенің ең жоғарғы сомасы 20 млн теңге (егер мүліктің құны 20 млн теңгеден асатын болса, онда айырмашылықты қатысушы өз қаражаты есебінен, банктің ағымдағы шотына қосса болады). Алғашқы жарна кем дегенде 10% болуы керек. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%) болады. Несиені 19 жылға дейін алуға рұқсат.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру