Отбасы банк Қазақстанда ислам ипотекасын дамыту мәселесін серіктестерімен талқылады | Отбасы банк Қазақстан құрылысшылар одағының өкілдерімен және елдегі ірі құрылыс компанияларымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – исламдық ипотеканы дамыту және оны тұрғын үйді қаржыландыру нарығында іске қосу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру болды.
Отбасы банк Қазақстанда ислам ипотекасын дамыту мәселесін серіктестерімен талқылады

Отбасы банк Қазақстанда ислам ипотекасын дамыту мәселесін серіктестерімен талқылады

12 ақпан 2026

Отбасы банк Қазақстан құрылысшылар одағының өкілдерімен және елдегі ірі құрылыс компанияларымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – исламдық ипотеканы дамыту және оны тұрғын үйді қаржыландыру нарығында іске қосу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру болды.

Қазақстанда исламдық қаржы құралдарына сұраныс әлі де жоғары. Бағалауларға сәйкес, мұсылмандардың 55%-ы балама болмағандықтан дәстүрлі банк өнімдерін пайдаланып келеді. Алайда таңдау мүмкіндігі болса, олар шариғат қағидаттарына сай келетін қаржы шешімдерін таңдаған болар еді. Сонымен қатар елдегі 2 миллионнан астам ересек азамат (яғни халықтың шамамен 20%-ы) тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж. Ал екінші деңгейлі банктердің қазіргі ипотекалық бағдарламаларында исламдық қаржыландыру тетіктері қарастырылмаған.

Банкке азаматтардан исламдық ипотеканы іске қосу туралы ұсыныстар жиі түсіп отырады. Ипотекалық нарықтың көшбасшысы ретінде Отбасы банк мұндай өнімдерді енгізуді клиенттердің діни сенімдерін ескере отырып, тұрғын үй қаржыландыруына қолжетімділікті кеңейтудің бір қадамы деп қарастырады.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында «Бәйтерек» ҰБХ» еншілес ұйымы – Отбасы банк ислам банкингі қағидаттарымен жұмыс істейтін Пәкістандағы ірі банктердің бірі — Meezan Bank Limited банкімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат «Бәйтерек» холдингі делегациясының Пәкістанға жасаған іскерлік сапары барысында рәсімделді. Бұл сапар Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында өтіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Серіктестік аясында тараптар талдамалық және әдістемелік материалдармен алмасуды, шариғат қағидаттарына негізделген ипотекалық өнімдерді (мурабаха, иджара, мушарака мутанакиса) бірлесіп әзірлеуді, сондай-ақ тәуекелдерді басқару, комплаенс және шариғат талаптарының сақталуын бақылау мәселелері бойынша консультациялар жүргізуді көздейді.

Сонымен қатар тараптар исламдық ипотека құралдарын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне бейімдеуге ерекше назар аударады. Себебі мұндай өнімдер негізгі қарызға пайыз есептеуді қарастырмайды.

Банкте исламдық қаржыландыруды енгізу бойынша жұмыс тобы құрылып, тиісті өнімдердің тұжырымдамасы әзірленді.

Қазіргі уақытта ислам банкингі тетіктерін қолданыстағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне бейімдеу бағытында сараптамалық және талдамалық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар салалық бірлестіктермен және нарық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасалып жатыр.

Қазіргі кезеңдегі негізгі міндет – Отбасы банкке исламдық банк операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға өзгерістер енгізу. Бұл Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосу үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастырады.

Бұған дейін Отбасы банк Малайзия компаниясының Қазақстандағы филиалы – CSQ Law Kazakhstan Branch ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Ынтымақтастық аясында банк қызметкерлері исламдық қаржыландыру және шариғат талаптарына сәйкес қаржылық құқық бойынша оқудан өтті. Бұл банктің ішкі сараптамалық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова – «Біз күн сайын діни себептерге байланысты дәстүрлі ипотеканы пайдалана алмайтын азаматтардан өтініштер аламыз. Бұл отбасылардың баспаналы болып, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізгісі келеді. Исламдық ипотека олар үшін қолжетімді шешім бола алады. Біз үшін бұл тек жаңа өнім емес, сонымен қатар қаржыландыруға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі. Біз заңнамалық бастамалар бойынша жұмысты бастап кеттік және бұл жобаны кезең-кезеңімен ілгерілетуді жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру