Отбасы банк "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімді қалай жолдауға болатынын айтты
2025 жылдың 17 наурызында "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Оны іске асыру үшін Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) 72 млрд теңге бөледі. Соның арқасында 2 440-қа жуық жұмысшы кәсіптерінің өкілдері қолжетімді заемдар алып, тұрғын үй мәселелерін шешпек.
"Наурыз жұмыскер" бағдарламасының қатысушысы болу үшін банктің жақын жердегі филиалына барып, төлем қабілеттілігін растаудан өту қажет. Бағдарламаға Келесі салалардың қызметкерлері өтініш бере алады:
* ауыл, орман және балық шаруашылығы;
* тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;
* өңдеу өнеркәсібі;
* электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;
* сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет;
* құрылыс;
* тасымалдау және сақтау.
Егер қазақстандықтар жоғарыда аталған салаларда еңбек етсе, онда өтінім беру үшін келесі қадамдарды жасаулары қажет:
1-қадам. Банктің сайтында жұмысшы кәсіптерінің атауларының тізімінен өз жұмыс кәсібінің атауын табу қажет. Тізімде 8 230 мамандық бар. Сіз тізімді сілтеме арқылы жүктеп, көре аласыз https://hcsbk.kz/to-get-a-loan/nauryz-zhumysker/ .
2-қадам. Содан кейін банк сайтынан жұмыс орнынан алынатын анықтама шаблонын жүктеп, жұмыс берушіге жолығу қажет.
3-қадам. Жұмыс беруші өз ұйымын, компаниясын немесе кәсіпорнын Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (әрі қарай - ЭҚТЖЖ) тізімінде болуын тексереді. ЭҚТЖЖ мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады https://hcsbk.kz/to-get-a-loan/nauryz-zhumysker/ .
Егер "Наурыз жұмыскер" бағдарламасына қатысуға үміткердің кәсібі жұмыс кәсіптері атауларының тізбесінде болса, ал кәсіпорын қызметінің түрі ЭҚТЖЖ тізімінде болса, онда жұмыс орнынан банктің үлгісі бойынша анықтама қалыптастырылады.
4-қадам. Дайын анықтамамен үміткер 2025 жылдың 17 наурызынан бастап төлем қабілеттілігін растау және кредиттік өтінім беру үшін банктің жақын жердегі бөлімшесіне баруы қажет.
- Жұмысшы мамандықтар экономиканың негізі болып табылады және біздің міндетіміз осы мамандықтардың өкілдеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға көмектесу. "Наурыз жұмыскер" арқасында биыл мыңдаған жұмысшылар қолжетімді шарттармен өз үйлерін сатып алуға мүмкіндік алады. "Наурыз жұмыскер" бағыты туралы барынша ақпараттандыру жүргізу үшін біздің қызметкерлеріміз 232 өнеркәсіп орындарына, зауыттар мен өндіріс орындарына барды. Еліміз бойынша тағы 600 компанияға бару жоспарлануда. Бұл ақпаратты оған шынымен мұқтаж адамдарға мақсатты түрде жеткізуге көмектеседі. Жұмысшы мамандықтар жылы біз көптеген қоныс тойларын күтеміз, - деп атап өтті Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
"Наурыз жұмыскер" бағытының шарттары қандай?
Несие мөлшерлемесі – әлеуметтік осал топтар үшін жылдық 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және барлық басқа санаттар үшін жылдық 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).
Бастапқы жарна - таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10% -дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй (моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде) сатып алу кезінде 20%-дан бастап;
Заемның ең жоғары сомасы – өңірлері үшін 30 млн теңге, Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Оны бағдарламаға қатысушысы Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) таңдап, брондап, сатып ала алады.
Қайталама тұрғын үйді тек моноқалаларда және ауылдық елдімекендерде сатып алуға болады.
"Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша үміткерлерге қандай талаптар қойылады?
"Наурыз жұмыскер" шарттары "Наурыз" бағдарламасымен бірдей. Сондықтан үміткерлер өтінім берген кезде келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Отбасы банкінде депозитке ие болу. Депозит мерзімі маңызды емес, оны өтініш берер алдында ашуға болады.
2. Отбасы банкіндегі жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы керек. Соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында бір реттік төлеммен салуға болады;
3. Соңғы 5 жыл ішінде өтініш берушінің өзі мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы. Отбасы мүшелеріне - күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер адам үйленбесе, онда тұрғын үйдің жоқтығы тек онымен тексеріледі.
4. Соңғы 6 айда ресми табысы болуы керек. Бұл ретте анықтама берілген жұмыс орнынан аударылған, кемінде соңғы үш айдағы міндетті зейнетақы жарналары болуы тиіс.