Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін KASE-де 102,7 млрд теңге тартты | Бүгін KASE-де Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) әлеуметтік облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Оның нәтижелері бойынша «Наурыз» бағдарламасына қатысушыларға кредит беру үшін 102,7 млрд теңге тартылды.
Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін KASE-де 102,7 млрд теңге тартты

Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін KASE-де 102,7 млрд теңге тартты

13 тамыз 2025

Бүгін KASE-де Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) әлеуметтік облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Оның нәтижелері бойынша «Наурыз» бағдарламасына қатысушыларға кредит беру үшін 102,7 млрд теңге тартылды.

Бір облигацияның номиналды құны - 1000 теңге. Қаражат тартылған мөлшерлеме сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалды және жылдық 18,0% құрды. Облигациялардың айналым мерзімі - 5 жыл. Купонды төлеу кезеңділігі - жылына 2 рет.

Банк облигацияларын сатып алудың артықшылығы - бұл Отбасы банктің ҚР қаржы агенттіктерінің тізбесіне кіретіндігіне, сондай-ақ облигациялардың KASE «ресми» тізіміне енгізілуіне байланысты купондық сыйақы үшін салық салудың болмауы. Сонымен қатар, банктің облигациялары репо МҚҮО (Эмитенттің мемлекеттік қатысу үлесі бар облигациялары) себетіне енгізіледі және олар бойынша маркет-мейкердің болуы болжанады.

Бұған дейін Отбасы банк 85,72 млрд теңге тартқан болатын. Бұл қаражатқа 4 000-нан астам қазақстандық жанұяға қарыз берілді. "Наурыз" бағдарламасы бойынша 2702 қазақстандық тұрғын үй алды, тағы 1566 жұмысшы кәсіп өкілдері "Наурыз жұмыскер" жаңа бағытының арқасында баспаналы болды.

Ең көп қоныс тойы Астанада аталып өтті - онда 1 116 қарыз берілді. Алматыда "Наурыз" бағдарламасының 562 қатысушысы тұрғын үй сатып алды, Шымкентте 367 қарыз берілді.

"Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша қол жетімді несиелердің 60%-дан астамын өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы жұмысшы кәсіптерінің өкілдері алды, қарыздардың 21%-ы көлік саласының өкілдеріне және 13%-ы энергетика саласының қызметкерлеріне берілді.

- Отбасы банктің облигациялары әлеуметтік мәртебеге ие. Бұл облигациялар – жоғары кірістілік пен эмитенттің төмен тәуекелінің сирек үйлесімі, сондықтан инвестор ретінде жеке тұлғалардың саудаға қатысуы бізді қуантады. Одан бөлек, бұл қаражат сол күні-ақ клиенттерге жетті. Бүгіннің өзінде 12 заем берілді, - деп атап өтті Отбасы банктің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Отбасы банк әлеуетті инвесторлар үшін сенімді эмитент болып табылады. Бүгінде ол елдік деңгейінде (BBB, болжам «Тұрақты») Fitch агенттігінен және Baa1, болжам «Тұрақты», деңгейінде Moody's Investors Service агенттігінен жоғары кредиттік рейтингті, сондай-ақ, халықаралық рейтингтік агенттік Sustainable Fitch-тен "3" деңгейінде және "55" бағалауымен ESG рейтингін алған. Банктің кредиттік портфелінің сапасы өте жақсы, бұл 0,12% мөлшерінде NPL төмен деңгейімен расталады (банк секторындағы NPL орташа мәні 3,37% деңгейінде). 2025 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша Отбасы банк активтері және меншікті капиталы бойынша ЕДБ арасында 4-орынды иеленеді.

Биылғы «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың тізімі 12 000 қазақстандықтан құралады. Оның 4 577-сі немесе 38,1%-ы тұрғын үйге кезекте тұр. Кезекте тұрғандардың жартысына жуығы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.

Бағдарлама азаматтардың арасында жоғары сұранысқа ие болғандықтан, осы жылы оның шеңберінде қарыз беру қаржыландыру жоспарынан оза жүруде. Сондықтан банк маусым мен шілде айларында қарыз беруге уақытша лимит қоюға мәжбүр болды. Осы кезеңде «Наурыз» бағдарламасы және «Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша қарыздарды тек кепіл шартын тіркеп, кесте мен қарыз шартына қол қойған адамдар ғана алды. Бағдарламаға қатысқан осындай 275 адамның барлығына несие берілді.

2025 жылғы 13 тамыздан бастап Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы және «Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша қарыздар беруін қайта бастады.

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағының құрамына кіреді. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

 


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру