Отбасы банк мобильді қосымшасын жаңартты | Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) 2024 жылдың 17 желтоқсанында жаңартылған "Otbasy bank" мобильді қосымшасына көшеді. Осы уақытқа дейін бұл қызмет "Otbasy bank Lite" уақытша атауымен тест режимінде жұмыс істеді. Оның қарапайым және түсінікті интерфейсі, дизайны қазірдің өзінде 790 000 астам қолданушы бағалады - олардың 426 600 Android-та және 363 400 iOS-та.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк мобильді қосымшасын жаңартты

Отбасы банк мобильді қосымшасын жаңартты

13 желтоқсан 2024

Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) 2024 жылдың 17 желтоқсанында жаңартылған "Otbasy bank" мобильді қосымшасына көшеді. Осы уақытқа дейін бұл қызмет "Otbasy bank Lite" уақытша атауымен тест режимінде жұмыс істеді. Оның қарапайым және түсінікті интерфейсі, дизайны қазірдің өзінде 790 000 астам қолданушы бағалады - олардың 426 600 Android-та және 363 400 iOS-та.

2024 жылдың 17 желтоқсанында бұрын "Otbasy bank Lite" қосымшасын жүктеп алған банк клиенттеріне оны жаңарту қажет болады. Қолданбада тиісті кеңес пайда болады.

Отбасы банктің мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы flutter озық технологиясын пайдалана отырып әзірленген, бұл қолданушылар үшін қосымшаның жұмыс жылдамдығы мен ыңғайлылығын айтарлықтай арттырады. Flutter платформасы кросс-платформалық қосымшаларды әзірлеудің ең жылдам және ыңғайлы технологияларының бірі ретінде танылды. Сондай-ақ, Flutter цифрлық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын жоғары деңгейде ұстап тұруға, проблемаларды жедел жоюға және жаңартуларды шығаруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жаңартылған "Otbasy bank" қосымшасының (2024 жылдың 17 желтоқсанына дейін жаңартылған мобильді қосымшаның уақытша атауы - "Otbasy bank Lite") салмағы жеңіл, яғни ол енді мобильді құрылғы жадысында аз орын алады. Биометрия функциясы да жаңартылды, 99% жағдайда ол сәтті болады. Маска мен дипфейктен тірі адамды ажыратуға арналған лайф шешімі оңалтылды. Бұл биометриялық жүйелердің қауіпсіздігін жақсарту және жалған деректерді пайдаланып жасалатын шабуылдарды алдын алу үшін қолға алынған маңызды элемент.

"Otbasy bank" жаңа мобильді қосымшасын (2024 жылдың 17 желтоқсанына дейін жаңартылған мобильді қосымшаның уақытша атауы - "Otbasy bank Lite") App Store және Google Play Store дүкендерінен жүктеуге болады.

Заң бойынша, мобильді қосымшада парольді бастапқы тіркеу және өзгерту кезінде міндетті түрде биометриядан өту қажет.

Биометрияның сәтті өтуі үшін төмендегі кеңестерді орындау керек:

- жарық жерді таңдау қажет, кедергі болатын артық көлеңкелерден қашу үшін артқы жағыңызда қатты жарықтың түсуінен аулақ болыңыз;

- бетті дұрыс орналастыру үшін экранның немесе құрылғының нұсқауларын мұқият орындаңыз;

- бет пен телефон камерасы арасындағы қашықтықтың тепе-теңдігін сақтаңыз, камераға тым жақын болмаңыз, бірақ алыстамаңыз.

- камерада бөгде адамдардың болуын болдырмаңыз.

Сондай-ақ, егер клиенттің осынған дейін Банктің қосымшасында есептік жазбасы болмаса, алдымен тіркеліп, биометриядан өтіп, құпия сөзді ойлап тауып, содан кейін ғана қосымшаға кіру керек екенін есте ұстаған жөн.

Бұл ретте, егер клиенттің Отбасы банкінде депозиті әлі ашылмаған болса, шоты немесе кредиті болмаса, онда мобильді қосымшаның жеке кабинетінде тіркелу мүмкін емес. Мобильді қосымшаның жүйесі оған тіркелмес бұрын алғашқы депозит ашу қажеттігін, БЗТ аударуға арналған шот ашу қажеттігін немесе "Ұлттық қор-балаларға" жобасы шеңберінде қаражат аударуға арналған шот ашу қажеттігін ұсынатын болады. Тек содан кейін жаңартылған мобильді қосымшада тіркелуге және оны толық пайдалануға болады.

"Otbasy bank" жаңа мобильді қосымшасы - бұл қалтадағы банк. Қазіргі кезде онда келесі операциялар бар:

Депозиттік операциялар:

- Бірінші салымды ашу (клиент болу) және егер сіз клиент болсаңыз, екінші салымды ашу;

- Параметрлерді түзету, ТҚЖ салымы бойынша шарттарды өзгерту;

- Мемлекеттік сыйлықақы белгісінің өзгеруі;

- ТҚЖ туралы шартты бұзу;

- "Ақыл" депозитін ашу;

- Салымдарды біріктіру және табыстау;

- Жинақ шотынан үзінді көшірме алу;

Несиелік операциялар:

-Қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеу;

- Қарызды толық мерзімінен бұрын өтеу;

- Алдын ала қарыз бойынша ТҚЖ салымын мерзімінен бұрын толықтыру;

- Төлем күнін өзгерту;

- Несие бойынша төлемнің кешіктірілуін көрсету;

- Өзгеріссіз тұрғын үй заемына көшу;

- Несие берешегінің болуы/болмауы туралы анықтама алу.

Шоттар бойынша операциялар:

- БЖЗҚ жаңа/ағымдағы клиенттері үшін арнайы ағымдағы шот ашу;

- Жеке тұлғалардың ағымдағы шотын ашу;

- Жаңа клиент үшін "Ұлттық қор-балалар" жобасы шеңберінде шот ашу;

- Ағымдағы шотпен операцияларды өз салымына, өз шотына басқа ЕДБ-ға аудару, әскери қызметшілердің арнайы шоттарымен тұрғын үй төлемдері бойынша операцияларды аудару;

- Шоттар бойынша шектеулерді көрсету;

Ыңғайлы бола түсті:

- Құпия сөзді өзгерту;

- Деректемелерді өзгерту (клиенттің карточкасы);

- Ұялы нөмірді өзгерту;

- Электрондық-цифрлық құжаттар (сертификаттар, графиктер, анықтамалар) модулі қол жетімді;

- Бөлімшеде кезекті брондау функционалы пысықталды;

- Ақпараттық анықтамалармен клиенттердің өнімдері бойынша шектеулерді көрсету;

- Адалдық блогы (жарнама серіктестерінің көрінісі, кросс-сату және т.б.);

- Face ID / Touch ID арқылы қолданбаға кіру;

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру