Отбасы банктің Алматы қалалық филиалының директоры ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі және "ITeachMe" қорының директоры Захира Бегалиевамен бірлесіп ұйымның қатысушыларымен онлайн кездесу өткізді.
Бұл қоғамдық қор заманауи кәсіптерді оқытуға және мүгедек адамдарды, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге маманданған.
Қормен бірлесіп ұйымдастырылған вебинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен I, II және III топтағы мүмкіндіктері шектеулі жандар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бас-аяғы 40-қа жуық адам қатысты.
Вебинар аясында қатысушыларға Отбасы банкінде депозит ашу, несие алуға дайындық бойынша пайдалы кеңестер берілді, сондай-ақ азаматтардың әртүрлі санаттарын қолдауға бағытталған қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі баяндалды.
Отбасы банк тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын және халықтың әлеуметтік осал топтарының баспана мәселесін шешуге көмектесетін ESG бағытында қарқынды дамып келеді. Банк түрлі әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысады, экологиялық және әлеуметтік маңызы бар салалардағы жобаларды іске асырады.
- ESG қағидаттарын ұстану – Отбасы банкінің стратегиялық таңдауы. Біз өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді түсінеміз және орнықты даму тек банк үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де табыстың кепілі екеніне сенімдіміз. Біз "жасыл" несиелеуді белсенді түрде дамыта бастадық, гендерлік теңдікті және жас қазақстандықтарды қолдаймыз. 2024 жылы "Жасыл ипотека" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 18,58 млрд теңгеге 763 кредит берілді. "Ұмай" бағдарламасы бойынша қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, біз Қазақстанның 3 661 тұрғынын өз үйін алуға көмектестік. Әйелдерді несиелендірудің жалпы сомасы 41,26 млрд теңгені құрады. Биыл біз бұл жобаларды Азия даму банкімен ынтымақтастық аясында жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Отбасы банк Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова.
Онлайн кездесуге қатысушылар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды. Бұл ретте "Наурыз" мемлекеттік бағдарламасына ерекше назар аударылды. Қатысушыларды оның шарттары, іріктеу критерийлері мен бағдарламадағы соңғы өзгерістер қызықтырды.
Биылдан бастап "Наурыз" бағдарламасы бойынша пәтерді таза әрлеуде таңдай отырып, заем сомасының небәрі 10% мөлшерінде, бірақ 2 миллион теңгеден кем емес бастапқы жарна енгізу жеткілікті болады. Бұл опция құрылыс салушылар үшін пайдалануға берілген таза әрлеудегі тұрғын үйлердің үлесін ұлғайтуға ынталандырады және осындай нысандардың тартымдылығын арттырады. Осы орайда банк клиенттеріне сатып алған үйлерін жөндеуге қосымша несие алудың қажеті болмайды.
"Наурыз" бағдарламасындағы тағы бір өзгеріс – депозиттердегі жинақтатың ең аз сомасына қатысты. 2025 жылы бағдарламаға қатысуға өтініш беру үшін салымда кемінде 2 миллион теңге жинақтау қажет. Бұл шара халық тарапынан бағдарламаға белсенді қатысушылардың артуымен байланысты, әрі бұл жаңашылдық қатысушылардың әділ іріктеуін арттыруға бағытталған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға байсалды бағытталған және ең төменгі бастапқы жарнаны қамтамасыз ету мүмкіндігі бар салымшылар "Наурыз" бағдарламасына қатысуға көбірек мүмкіндік алады.
2025 жылы "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау наурыз айында күтілуде.
"Наурыз" бағдарламасының шарттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме -жылдық 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін), барлық санаттағы азаматтар үшін кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Отбасы банк тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын да іске асыруда. Оның шеңберінде "5-10-20" (бұрын "Шаңырақ" бағдарламасы) жылдық 5%-дан (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік кредиттік тұрғын үй сатып алуға болады.
Жылдық 5%-бен (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін) заем алу үшін бағдарламаға қатысушылар әкімдіктердің тұрғын үй кезегінде тұрулары қажет және олардың Отбасы банкіндегі жинақ шотында қарыз сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарнасы болуы қажет. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін.
Сондай-ақ, Қазақстанда тағы бір бағдарлама - "2-10-20" (бұрынғы "Бақытты отбасы" бағдарламасы) жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік кредиттік тұрғын үй (ЖТСМ 2,0%-дан 2,1%-ға дейін) табысты іске асырылуда. Ол табысы төмен отбасыларға несие беруге арналған және ЖАО кезекте тұрғандардың келесі санаттарын қолдауға бағытталған:
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (кредит беру қағидаларының талаптарына сәйкес);
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Азаматтардың осы санаттары үшін жылдық 2% пайыздық мөлшерлемемен (ЖТСМ 2,0%-дан 2,1%-ға дейін) 10% (тұрғын үй сертификаттарын пайдалануға болады) мөлшерінде бастапқы нарықта (жергілікті атқарушы органдардың пайдалануға қабылданған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйі) тұрғын үй сатып алуға кредит берудің жеңілдікті шарттары көзделген. Несиелеу мерзімі-19 жылға дейін.
Сонымен қатар, Отбасы банкінің өз ипотекалық бағдарламалары да жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ: "Өз үйім", жұмыс істейтін жас мамандарға арналған өңірлік бағдарламалар, жас ғалымдарға арналған бағдарлама, "Ұмай" әйелдер ипотекасын, "Жасыл ипотека", "Корпоративтікөнім" бағдарламалары сәтті іске асырылуда.
Банктің осы және басқа жобалары кедейлікті жою, өмір сүру деңгейін, экономикалық өсуді арттыру, теңсіздікті азайту, тұрғын үй тапшылығын азайту және халықтың осал топтары үшін өмір сүру жағдайларын жақсарту арқылы қалалар мен елдімекендерді дамыту сияқты БҰҰ бекіткен тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде шешуші рөл атқарады.
***
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. 2022 жылы банк Ұлттық ESG клубының негізін қалаушылардың бірі болды. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!