Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк гендерлік чемпион деп танылды

Отбасы банк гендерлік чемпион деп танылды

30 ноября 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанда гендерлік теңдікті белсенді түрде дамытуға қосқан үлесі үшін Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (әрі қарай-ОАӨЭЫ) бағдарламасының жүлдесін елімізде алғашқылардың бірі болып жеңіп алды.

Марапат банкке «Ұмай» әйелдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын сәтті жүзеге асырғаны үшін тағайындалды. Үш жыл ішінде бұл жоба ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар облыс орталықтары мен шағын қалаларда 3 500-ден астам қыз-келіншектің баспаналы болуына көмектесті.

– Гендерлік теңдік – адам құқықтарының ең маңызды бөлігінің бірі, ол қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Оның негізі – экономикалық теңдік. Сондықтан Отбасы банк әйелдердің баспаналы болуына барынша күш салуда», - деп өз пікірімен «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бөлісті.

Ләззат Ибрагимова өзінің кәсіби мансабында Қазақстандағы гендерлік теңдік идеяларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Осылайша, оның жетекшілігімен «Даму» қоры Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) қаражаты есебінен әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін қолдау шарасы шеңберінде Орталық Азиядағы алғашқы несиелік желіні іске қосты. 2016 жылы ЕҚДБ басшысы Сума Чакрабарти гендерлік теңдікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ләззат Ибрагимоваға өз қолымен марапат тапсырды.

Отбасы банкінің «Ұмай» бағдарламасы қызметтің әртүрлі салаларындағы және табысы әртүрлі әйелдердің баспана мәселесін шешуге көмектесті.

– ESG-қағидаттарын ұстану, қоғам мен қоршаған ортаның игілігі үшін одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін, Отбасы банкінің стратегиялық таңдауы болып табылады. Сондықтан банк "жасыл қаржыландыру", гендерлік теңдік, сондай-ақ жастарды қолдау мәселелері бойынша өз ұстанымдарына берік", - деп толықтырды «Отбасы банк» АҚ Жоспарлау және стратегиялық талдау департаментінің директоры Алена Финогенова.

Анықтама үшін: ОАӨЭЫ – бұл 11 елдің (Ауғанстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Пәкістан, Қытай, Тәжікстан, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және даму бойынша серіктестерінің (Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Ислам даму банкі, БҰҰ даму бағдарламасы, Дүниежүзілік банк және Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі) экономикалық өсуді арттыруға және кедейшілікті азайтуға бағытталған серіктестігі.

ОАӨЭЫ сыйлығы – қоғамға елеулі үлес қосқан көшбасшыларды марапаттайды.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру