Отбасы банк: тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтарға арналған 1 550 пәтерді жедел бөлу үшін orken.otbasybank.kz порталында деректерді шұғыл түрде жаңарту қажет | «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк алғаш рет ұлттық даму институты мәртебесінде өңірлерде жалдамалы тұрғын үйді бөлу жұмысын бастады. Қазірдің өзінде 9 облыстың әкімдіктері банке 1 550 пәтерді тапсырды.
Отбасы банк: тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтарға арналған 1 550 пәтерді жедел бөлу үшін orken.otbasybank.kz порталында деректерді шұғыл түрде жаңарту қажет

Отбасы банк: тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтарға арналған 1 550 пәтерді жедел бөлу үшін orken.otbasybank.kz порталында деректерді шұғыл түрде жаңарту қажет

12 қараша 2025

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк алғаш рет ұлттық даму институты мәртебесінде өңірлерде жалдамалы тұрғын үйді бөлу жұмысын бастады.

Қазірдің өзінде 9 облыстың әкімдіктері банке 1 550 пәтерді тапсырды. Нәтижесінде жақын уақытта Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды, Абай және Қызылорда облыстарында тұрғын үйге кезекте тұрған қазақстандықтар қоныс тойын тойлайтын болады.

Жалдамалы тұрғын үйді бөлу кезінде есепке алынған күні, категорияның басымдығы және отбасының табыс деңгейі ескеріледі. Егер отбасында үш және одан көп адам болса, бір адамға шаққандағы табыс 92 456 теңгеден (2 АЕК) аспауы тиіс. Ал егер отбасында екі немесе одан аз адам болса, әрбір мүшесіне шаққандағы табыс 161 798 теңгеден (3,5 АЕК) аспауы керек.

Барлық кезекте тұрған азаматтар туралы мәліметтерді Отбасы банк мемлекеттік деректер қорынан алады. Бұл азаматтар үшін өте ыңғайлы – енді анықтама жинап, көшірмелерін жасап, бөлімшеге барудың немесе порталға жүктеудің қажеті жоқ.

Алайда Отбасы банк деректерді жедел тексеріп, тұрғын үйді әділ бөле алуы үшін азаматтар жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі тиіс.

Бұл келісімді orken.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинет арқылы рәсімдеу қажет. Ол үшін мына әрекеттерді орындау керек:

  • Компьютерде браузерді (Google Chrome, Safari) ашып, іздеу жолағына https://orken.otbasybank.kz/ мекенжайын енгізу;
  • Басты беттегі оң жақ жоғарғы бұрышта орналасқан «Кіру» батырмасын басу арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен жүйеге кіру;
  • Жеке кабинетке кірген соң экранда «Деректерді жинауға және өңдеуге келісім» атты терезе шығады. Мұнда деректердің қандай мақсатта пайдаланылатыны туралы ақпарат беріледі. Осы мәліметпен танысып шыққан соң, «ИӘ, мен өтінішпен таныстым» деген құсбелгісін қою қажет – бұл әрекет «ЭЦҚ арқылы қол қою» батырмасын белсендіреді;
  • Соңғы қадам – «ЭЦҚ арқылы қол қою» батырмасын басып, келісімді растау.

Сонымен қатар азаматтар өздерінің мобильді азаматтар базасындағы телефон нөмірін жаңартуы қажет. Бұл әрекетті egov.kz порталында орындауға болады.

Егер тұрғын үй кезегінде тұрған азамат жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермесе және мобильді нөмірін жаңартпаса, ол жалдамалы тұрғын үй ала алмайды немесе 2% және 5%* жеңілдік мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігінен айырылады. Мұндай жағдайда оған тиесілі тұрғын үй кезекте тұрған басқа азаматқа беріледі.

Қазіргі таңда әкімдіктердің Kezekte.kz базасынан Отбасы банкке өткен 642 281 кезекте тұрған азаматтың ішінде бар болғаны 84 338 адам ғана жеке деректерін өңдеуге келісім берген. Бұл – небәрі 13%.

Осының салдарынан автоматтандырылған жүйе тұрғын үйге мұқтаж азаматтар туралы деректерді толық тексере алмай отыр және тұрғын үйді бөлу процесі баяу жүруде.

Жуырда өңірлердің бірінде тұрғын үйді бөлу бойынша өткізілген пилоттық жоба бұл жағдайды айқын көрсетті. Сол кезде әкімдік 261 пәтерді ұсынған болатын. Оның ішінде 215 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бөлінді. Алайда олардың арасынан бар болғаны 19 адам ғана orken.otbasybank.kz платформасында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім берген. Қазіргі уақытта бұл азаматтар жалдау шартын жасасу кезеңінде.

Қалған 196 азамат бойынша Банк олардың келісімін күтуде. Ал бос пәтерлер келесі кезеңде бөлінетін болады.

Тұрғын үйді бөлу процесін жеделдету үшін Отбасы банк бұрын Kezekte.kz базасында тіркелген азаматтарды orken.otbasybank.kz порталында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруге, сондай-ақ мобильді азаматтар базасындағы телефон нөмірін жаңартуға шақырады.

Бұл шаралар тұрғын үй кезегінің жылжуын тездетіп, мыңдаған қазақстандықтың қоныс тойын жақындатуға мүмкіндік береді.

*Жеңілдетілген несиелер бойынша мөлшерлеме:
2% (ЖТСМ – 2,0%-дан 2,1%-ға дейін)
5% (ЖТСМ– 5,2%-дан 5,8%-ға дейін)

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру