Отбасы банк Азия даму банкімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды | Бүгін Астанада Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) пен Азия даму банкі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды: Қазақстан Республикасында инклюзивті және жасыл тұрғын үйлерді қаржыландыруға жәрдемдесу жобасы.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк Азия даму банкімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Отбасы банк Азия даму банкімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

1 қараша 2024

Бүгін Астанада Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) пен Азия даму банкі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды: Қазақстан Республикасында инклюзивті және жасыл тұрғын үйлерді қаржыландыруға жәрдемдесу жобасы.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) барысында қол қойылды.

Отбасы банк пен АДБ арасында қол қойылған құжат гендерлік теңдікті ілгерілетуге, экономикалық өсудің тұрақтылығына және Қазақстандағы "жасыл" құрылыстың дамуын қолдауға ықпал ететін болады.

Отбасы банк 2025 жылы бірден екі тұрғын үй бағдарламасын - "Ұмай" және "Жасыл ипотека" жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл Отбасы банкінің Азия даму банкімен инклюзивті және "жасыл" тұрғын үйлерді қаржыландыруға жәрдемдесу жобасын іске асырудағы ынтымақтастығының арқасында мүмкін болмақ.

Ынтымақтастық аясында АДБ Отбасы банкке 90 млрд теңге көлемінде несие беруді жоспарлап отыр. Болжамды қаржыландыру келесі мақсаттарға бағытталған: гендерлік теңдікті ілгерілету, тұрақты экономикалық өсу және елдегі жасыл дамуды қолдау. Жоба энергия тиімді, тұрақты, жасыл және қолжетімді тұрғын үй сатып алу көлемін ұлғайтуға, "жасыл" ипотека нарығын дамытуға ықпал ететін болады.

Қазақстандықтар екі бағыт бойынша бастапқы, қайталама, сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алуға және жөндеуге заем ала алады деп жоспарлануда:

  • әйелдерге ипотекалық заемдар беру ("Ұмай" әйелдер ипотекасы);
  • жасыл ипотекалық қаржыландыруды ұсыну ("Жасыл ипотека").

- Отбасы банк – қазақстандық әйелдерді қолдауға ерекше көңіл бөлетін отбасылық банк. Біз Қазақстандағы әрбір әйелдің өз үйінде өмір сүріп, отбасына жылулық пен жайлылық сезімдерін сыйлауға мүмкіндік беретін жағдайдың болуына ықпалдасқымыз келеді. Себебі әйел – отбасылық ошақтың қамқоршысы, біз олардың тәуелсіздігін, экономикалық белсенділігі мен теңдігін қолдауымыз қажет. Осы мақсатта үш жыл бойы Азия даму банкімен бірлесіп, біз "Ұмай" бағдарламасын іске қостық, ол осы уақыт ішінде 3 660 қазақстандық әйелге баспана сатып алуға көмектесті. Несиелендірудің жалпы сомасы 41,2 млрд теңгені құрады. Гендерлік теңдікке қосқан үлесіміз үшін біз Қазақстандағы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының марапатын алған жалғыз банк атандық. АДБ-мен болашақ ынтымақтастық жемісті болады деп үміттенеміз, - деді Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Отбасы банкінің гендерлік өнім аясында жұмыс тәжірибесі бар. "Ұмай" бағдарламасы бойынша қалыптасқан клиенттердің портреті де бар. Көп жағдайда бұл кем дегенде бір баласы бар әйелдер. Олар тұрақты табыс тауып отырған, 10-20 млн теңге аралығындағы тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндігі бар жандар. "Ұмай" бағдарламасы бойынша 30-40 жас аралығындағы әйелдер жиі заем алған. Көп жағдайда қазақстандық келіншектер Отбасы банк арқылы жалпы ауданы 50-70 шаршы метр болатын бір немесе екі бөлмелі пәтер сатып алған. Алдағы жылы банк осы жобаны жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру