Отбасы банк "Асыл мекен" пилоттық жобасын іске қосады | Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) "Асыл мекен" пилоттық жобасын іске қосады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк "Асыл мекен" пилоттық жобасын іске қосады

Отбасы банк "Асыл мекен" пилоттық жобасын іске қосады

6 маусым 2024

Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) "Асыл мекен" пилоттық жобасын іске қосады. Ол ауылдық елдімекендерде (бұдан әрі-АЕМ) пайдалануға берілген жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйлерді (пәтерлер, тұрғын үйлер) сатып алу, сондай-ақ жеке тұрғын үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) мақсаттарын несиелендіруге негізделген.

Несиелендіру аймақтарының тізімімен банк сайтында танысуға болады https://hcsbk.kz/to-get-a-loan/helpful-information/revenue-requirement-and-collateral/lending-zones/ (АЕМ мәртебесімен).

Бағдарлаға қатысудағы басымдық ЖАО баспана кезегінде тұрған азаматтарға, сондай-ақ "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының өтініш берушілеріне беріледі.

"Асыл мекен" жобасын іске асыру үшін Отбасы банк өз қаражатынан 2 млрд теңге бөліп отыр.

"Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында фокусты облыс орталықтарынан аудандарға, моноқалалар мен ауылдарға қайта бағыттай отырып, "Отбасы банк" қызметін қайта жүктеудің маңыздылығын атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында біз ауылдық елдімекендерде тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздеген ел азаматтары үшін жаңа бағдарламаны іске қосып отырмыз. Асыл мекен – әр бөлмесі жан жылытар жылулық пен қуанышқа толы, жайлы үй туралы арманға жол ашады. Бұл – туған жеріңде, өзің мен жақындарың үшін жайлы әрі қауіпсіз кеңістік құру мүмкіндігі", - деп атап өтті Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Несиелендірудің негізгі шарттары:

  • Заем бойынша пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін), одан кейін жылдық 3,5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін).
  • Алғашқы жарна – заем сомасының 10%
  • Алдын ала заем мерзімі - 8 жылға дейін.
  • Бағдарламаға қатысуға өтініш берген күні Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының) ҚР аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;
  • Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару фактілерінің болмауы.

Қарыздың ең жоғары сомасы – 10 млн теңге (қоса алғанда). Егер сатып алынатын тұрғын үйдің құны одан көп болса, онда айырмашылық қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленуі мүмкін. Бағдарламаға 18 жастан 70 жасқа (тұрғын үй заемының мерзімі аяқталған кезде) дейінгі барлық қазақстандықтар қатыса алады. Жылжымайтын мүлікті қатысушының жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан сатып алуға жол берілмейді. Қатысушының және оның отбасы мүшелерінің (жұбайының) осы бағдарлама аясында бір рет қана тұрғын үй сатып алуына рұқсат етіледі.

Кредит бойынша есеп:

  • Қарыз сомасы – 10 000 000 теңге
  • Алғашқы жарна – 1 000 000 теңге
  • Заем бойынша мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін)
  • Алдын ала заем мерзімі – 8 жыл
  • Алдын ала заем бойынша ай сайынғы төлем – 77 667 теңге
  • Тұрғын үй заемының мерзімі –11 жыл
  • Тұрғын үй заемы бойынша ай сайынғы төлем – 36 518 теңге

Азаматтардың уақытын үнемдеп, процесті жеделдету үшін өтінім беру тек банктің бейне операторлары арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін сайтқа кіріп https://hcsbk.kz экранның оң жағындағы панельде бейне қоңырау батырмасын басу қажет. Бейне қызмет көрсету терезесі ашылғаннан кейін "ипотека рәсімдеу" қызметін таңдап, жеке деректерді толтыру керек. Әрі қарай, сіз "бейне қоңырауды бастау" түймесін басып, оператормен байланысу үшін камераға, микрофонға және құлаққапқа рұқсат беруіңіз қажет. Толық нұсқаулық https://youtu.be/xHbj6tf-gqA.

Бейне қоңырау қызметі арқылы кредитті рәсімдеу кезінде клиент қарызды рәсімдеуге 50% жеңілдік алатынын атап өту маңызды. Сондай-ақ оған несиелік өтінімді қарастыру қызметі мүлдем тегін болады.

Бейне қоңырау қызметі жұмыс күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру