Бір жыл бұрын Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы), БЗҚ-ны пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде, тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗҚ- қаражатын мақсатсыз пайдалану мен құжаттарды қолдан жасаудың көптеген деректерін жариялаған болатын. Сол кезде Денсаулық сақтау министрлігі артылған зейнетақы жинақтарын пайдалануын бақылауды күшейту мақсатында емдеуге қолданатын біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер 2025 жылдың 27 сәуірінен бастап күшіне енді.
Отбасы банк сол кезден бастап зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалану жағдайын талдап, мынадай қорытындыға келді: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер бұл төлемдерді стоматологиялық қызметтерге мақсатсыз пайдалану схемасын тоқтатуға әсер еткен жоқ, тек құжаттарды қарау мен сараптау мерзіміне ғана ықпал етті.
Осыған байланысты Үкіметте Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы министрлігі және Қаржы мониторингі агенттігінің қатысуымен бірқатар жиындар өткізілді. Оның нәтижесінде 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылатын болды. Осы күнге дейін берілген өтініштер әдеттегі тәртіппен қаралады.
Осы уақыт аралығында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, тіс емдеуге зейнетақы ақшасын пайдалану барысында алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін тиімді жүйе әзірленетін болады.
2021 жыл мен 2025 жылдың 20 тамызы аралығында Отбасы банкінің enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек «Стоматологиялық қызметтер» бағыты бойынша 757 млрд теңгеге 795 424 транзакция жасалған. Талдау көрсеткендей, соның 222,61 млрд теңгесі ТОП-20 стоматологиялық клиникаға түскен. Бұл клиникалардың жартысы Атырауда, қалғандары Алматы мен Астанада орналасқан.
Белгілі болғандай, тек Атырауда орналасқан клиникалардың біріне ғана азаматтар зейнетақы жинақтарының артығынан 22,9 млрд теңге аударған.
Клиенттердің бірі 11 рет БЖЗҚ-дағы қаражатты тіс емдеуге пайдалану үшін өтініш берген. Оның жалпы тіс емдеуге алған сомасы 32,6 млн теңге. Егер бір имплант пен тіс тәжін орнату құны 500 мың теңге деп есептесек, 65 имплант қоюға жетерлік қаражат алынған.
Тағы бір клиент тісін емдеуге 24,7 млн теңге жұмсаған. Бұл қаражат бірден стоматологияға аударылған. Келесі жағдайда клиент тіс емдеу үшін зейнетақы жинағының артығын пайдалануға, 27 рет өтініш берген. Нәтижесінде 13,1 млн теңге аударылған. Көбіне еліміздің түпкір-түпкірінде тұратын азаматтар тісін Атыраудағы стоматологияларда емдетуді таңдаған.
Сонымен бірге, клиенттер банкке құжат тапсырғанда, кейбір жағдайларда жалған анықтамалар берілгені анықталды. Бұл БЖЗҚ –дағы қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғанын көрсетеді:
Анықталған барлық фактілер халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарламаның беделін түсіріп қана қоймай, Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану бойынша кең, ауқымды, заңсыз бизнес жолға қойылғанын көрсетіп отыр.
Күдік тудырған схемаларға қатысты материалдарды банк құқық қорғау органдарына жолдады. Белгілі болғандай, Қаржы мониторингі агенттігі бірқатар стоматологиялық клиникалардың зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалануына байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!