Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысының 114 тұрғыны пәтер кілттерін алды | Аймақ тұрғындары үшін жаңа нысандар Есік қаласында әкімдік желісі бойынша салынды. Барлығы 120 пәтерлік бес қабатты үш тұрғын үй. Наурыз қарсаңында қоныс тойын Отбасы банкінің ("Бәйтерек"холдингінің еншілес ұйымы) 114 клиенті атап өтеді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысының 114 тұрғыны пәтер кілттерін алды

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысының 114 тұрғыны пәтер кілттерін алды

20 наурыз 2025

Аймақ тұрғындары үшін жаңа нысандар Есік қаласында әкімдік желісі бойынша салынды. Барлығы 120 пәтерлік бес қабатты үш тұрғын үй. Наурыз қарсаңында қоныс тойын Отбасы банкінің ("Бәйтерек"холдингінің еншілес ұйымы) 114 клиенті атап өтеді. Олардың барлығы бірнеше жыл бойы тұрғын үйге кезекте тұрған. Бүгінгі іс-шараны бұл азаматтар үшін үлкен мән-маңызға толы, өйткені Алматы облысында бірнеше жыл бойы әлеуметтік тұрғын үй салынбаған болатын.

Қоныс иелерін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов пен Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай құттықтады.

- Бүгін ерекше күн - Отбасы банкінің 114 клиенті тұрғын үй иелері атанды. Қоныс тойы әрқашан қуанышты және қызықты оқиға. Бүгін ол жаңару, молшылық пен отбасылық амандық мерекесі – Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп отыр. Биылғы жылы біздің салымшыларымыз Наурызды өз пәтерлерінде, дастархан жайып қарсала алады. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кезекте тұрғандар үшін бұл тұрғын үйлер таза әрлеуде, қолжетімді бағамен, яғни бір шаршы метріне 160 000 теңгемен тапсырылатынын атап өткен маңызды. Олар үшін тұрғын үйдің ең жоғары құны 11,9 млн теңгеге тең, - деп атап өтті Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай.

«Қоныс тойыңыз құтты болсын» - деген құттықтауларды бүгін Есік қаласының тұрғыны Перуза Аманқұлова қабылдап жатыр. Ол төрт баланы тәрбиелеп отыр. Бұрын үлкен отбасы келіншектің ата-анасымен бірге тұрған. Енді олардың өз пәтерлері бар.

- Бұл қоныс тойды асыға күттік. Бүгін үш бөлмелі пәтер сатып алдық. Жайлы, жарық әрі кең. Менің балаларым өте риза, - дейді Перуза Аманқұлова.

Алматы облысының тұрғындары 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй – коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша тұрғын үйді 2% (ЖТСМ 2,0%-дан 2,1%-ға дейін) және 5% (ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін) сатып алды. Олар үшін бастапқы жарна қарыз сомасының небәрі 10% - құрайды.

Бұл қолжетімді жағдайлар бойынша тұрғын үй кезекте тұрған қазақстандықтарға тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесетін мемлекеттік бағдарлама. Бұл бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, "жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар, көп балалы және толық емес отбасылар.

Жергілікті әкімдіктер желісі бойынша әлеуметтік тұрғын үй қазір Текелі, Павлодар, Ақсу, Жаркент, Қостанай облыстарында да сатылуда. Яғни, тұрғын үй нысандары пайдалануға берілген өңірлерде мемлекеттік бағдарламаға қатысуға болады. Өтінімдерді қабылдау otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтеді, қатысушыларды іріктеудің негізгі критерийі-тұрғын үйге кезекке қою күні.

2024 жылы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 9 004 тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды. Қаржыландыру сомасы 108 млрд теңгеден асты. Қазір өз үйлерінде, мемлекеттің қолдауының арқасында 1 және 2 топтағы 1 204 мүгедек, 1 368 көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 942 отбасы, "жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған 330 қазақстандық тұрады.

Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру